Жануарлар экологиясы


 Жыртқыш пен жемтік жануардың өзара катынасы



Pdf көрінісі
бет39/112
Дата15.11.2023
өлшемі12,6 Mb.
#122838
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112
Байланысты:
жануарлар экологиясы

5.1 Жыртқыш пен жемтік жануардың өзара катынасы.
Бір жануар (жыртқыш) екінші жануарды (жемтік) өлтіріп, 
онымен қоректенуіне негізделген қарым -қатынастың түрі. Мұндай 
қатынастар, мысалы қасқыр мен қоянның, шортан мен мөңке 
балықтың, жәндіктерден ханкызы мен бітенің арасында үнемі 
кездеседі. Табиғи жануарлардың арасында жыртқыиггык ең кең 
таралған карым-катынастың түрі. Жырткыштарда жемтік болатын 
жануарды 
іздеп табута, 
куып ұстауға, 
өлтіруге бағытталып 
бейімделген көптеген түрлі сипатгар пайда болған. Қаскьф жемін 
қуып ұстаса, мысық тектес жыртқыштар көрінбей баспалап таяп 
барып секіріп бас аслу аркылы аулайды. Сусар іүісымдастар жемтік 
жануарларды қуып ұстаумен қатар олардың ініне кіріп ұстап жейді. 
Қарлығаш ауада ұшып жүрген жәндіктерді, торғайлар жер бетіндегі 
жәндіктерді теріп жейді. Өрмекші тор кұрьгп ұстайды.
Жемтік жануарлардың жыртқыштан қорғану тәсілдері де алуан 
түрлі. Шабуылдаған жыртқышты тістеу, тебу, шағу, өзінен өндірген 
электр куатымен соғу (электрлі скат, жайын, т.б. балыктар), денесінен 
улы немесе жиіркенішті иісті сүйықтар бөліп шығарьш шашу арқылы 
корғану амалдарын колданады. Орманның қызыл кұмырсқасының 
илеуін таякша ағаштың ұшымен аздап қана түртіп көріңіз. Илеуден
71


мыңдаған құмырска шыға келеді де кұрсағынын ұшын сізге баплтаи 
тұрып 
сізді 
сұйық затпен 
атқылай 
бастайды. 
Бұл 
сұйык- 
концентрациясы 21-73 пайызға дейін жететін құмырска қышқылы. Ол 
адамның терісіне тигінде дуылдатып күйдіреді, теріне кызартып ісік 
пайда болдырады. Бұл - құмырсқаның илеуін қорғайтын негізгі 
құралы. Сусар тұқымдастардан Евразияда кең таралган сасық 
күзендердің, Американъщ орталық жіне оңтүстік бөлігінде таралған 
скунстардың артқы тесігінің жанында өте жағымсыз иісті сұйық 
бөлетін безі болады. Қауіп төнген кезде олар сасық сұйығын шашып, 
шабуылдаған жыртқышты жиіркендіру арқылы қррғанады. Скунстьщ 
сасық сұйығының бір тамшысы көзге кірсе қандай да жануарды 
жанарынан айырарлыктай улы болады. Бұл айтылғандар жемтік 
жануарлар жыртқышқа күш-қуат, әдіс-амал қолданып пәрменді түрде 
қорғанудың жолдары.
Пәрменсіз қорғаныстың да эр түрлі жолдары бар: қалтарыс 
жерлерге тасалану, өң реңін, пішінін жыртқыштардың жемейтін 
затына ұқсаіу арқылы қорғанады. Мысалы сүйемші көбелектің 
дернэсілін ағаштың бұтагьшан, жасыл өсімдікке жабысып тұрған 
бақбақыл бақаны немесе шекшекті өсімдіктен ажыратып көру 
жыртқыштарға оңай түспейді. Жыртқыштардан қорғанудың бір түрі- 
еліктеушілік. Бұл - мимикрия (гр. 
тітесгу-
еліктеу). Кейбір 
іпыбындардың өңі мен пішіні араға еліктегендіктен бұл шыбындардан 
басқа жәндіктер сескеніп тиіспейді. Жыртқыш емес балыктар 
жыртқыш балыкқа, усыз жыландар улы жыланға еліктеуі аркылы 
өздеріне шабуылдайтын жыртқыш тард ы сескендіріп қорғанады. 
Тауыскөз көбелек қанатындағы жыртқыш құстың көзіне ұқсас 
«козше» деп аталатын дөңгелек бедері арқылы кішкене құстарды 
сескендіріп қорғанады.
9-сурет. Тауыскөз көбелектің артқы қанатьшың дөңгелек 
«козше» бедері мен құрсағының қызғылт өңі жырткьші кұстың көзі 
мен тұмсығы тәрізденып қорқынышты корінеді.
72


10-сурет. Жыртқыш пен жемтіктің өсімінщ кезекпен ауыткуы
[Либберта (1982) бойынша]
Табиғи жағдайда жырткыш пен жемтік бір бірімен тығыз 
байланысты тіршілік етеді. Олар бір-бірінің өсімін кезекпен реттейді. 
Бұл төмендегідей тізбек бойынша жүріледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет