Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Өмірлік көріністерінің өзгерістері



бет10/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Өмірлік көріністерінің өзгерістері


Жеке түрлердің барлық өмірлік көріністері физиологиялық функцияларға негізделеді.Өмірлік көріністердің кез келген түрі сезу ағзаларының стимулдарды қабылдау, осы стимулдардың жүйке жүйесі мен қозғалғыш ағзаларының жауап қайтаратын жүйесінен тұрады.

Жалпы физиологиялық механизмдерден басқа, әр өмірлік көріністер өзінің спецификалық физиологиясына ие болуы мүмкін. Олар арнайы жүйке талшықтарынан тарайтын ерекше ішкі импульстардан туындайды.

Жабайы жануарларды этологиялық зерттеу барысында, жеке түрлері жылдар бойы мінезқұлықтыбасқаратын тәуліктік режимнің белгілі заңдылықтарымен және тиісті дараның әр даму сатысы арқылы ерекшеленетіні анықталған. Бұл заңдылықтар барлық жануарлар үшін бірдей болып табылады. Жануарлардың мінезқұлқы белгілі бір ортадағы тәуліктік режимін шектемейді. Жануар және ол өмір сүретін қоршаған орта бір тұтас. Жануарлардың қоршаған ортаға деген көз қарасы өзгеріп тұрады, бірақ көп жағдайда динамикалық болып келеді. Қоршаған ортаның өзгерісі жануарлардың өмірлік тепе-теңдігін бұзып, айналасындағы өзгерістерге бейімделуін тудырады. Жануарлардың ағзаның физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктері арқылы қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу қабілеті анықталады. Жануарлардың қарсы тұру қабілеті олардың түрлік, типтік ерекшеліктеріне және көбінесе жануардың жасына байланысты болады.

Бейімделу негізі тұқымына, жынысына, тұқым қуалаушылық комбинациясына және ағзаның дамуы мен қалыптасуына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет