Қоршаған ортаның мінезқылыққа тигізетін әсері: Зоотехния ғылымының тәжірибесіне сүйене отырып, жануарлардың өмірлік көріністері өмір сүрудің қалыпты жағдайларының жағымсыз әсер етуі туралы ойды растайды. Өмір сүрудің тұрақты жағдайларына бейімделуден жануарлардың ағза сезімталдылығынан айырылады, сонымен қоса қоршаған ортаның жағымсыз факторларына әсері де төмендейді.
Мысалы, бір жыл ішінде микроклиматтың өзгеруі жануарлар ағзаіне физиологиялық тренинг тудырады.
К. Лоренц пен Н. Тинбергеннің этологиялық концепциясына сүйене отырып, әрбір Мінезқұлықактіне жүйке орталықтарында тиісті мінез – құлыққа сай мотивациялық факторлар жиналады (Н. Тинберген оны «мотивационды импульстар» деп атады). Мінезқұлықактін тудыратын ішкі стимулдың пайда болуына дейін, «мотивационды импульстардың» орталықтан қозғаушы ағзаларға кетуі бұғаттаушы механизмдердің жүйесімен ұсталып тұрады. Ішкі стимулдардың пайда болуымен бұғаттар алынады және «мотивационды импульстардың» қозғаушы ағзаларға кетіне жол ашылады. Осыдан, «босатушы» стимулдар немесе, анығырақ, «туа біткен босатушы механизмдер» деген аты пайда болады. Бұл концепция қазіргі кезде біраз ескірген. Ауыл шаруашылық жануарларының этологиясын білу ұстау технологиясының әр түрлілігінде қоршаған орта жағдайының әсер етуін дәл талдауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығындағы дамуларға сәйкес жануарларға ұдайы бұрынғы дәстүрлі бағуда қолданылмаған факторлар әсер етеді.Қоршаған ортаның технизация кезінде пайда болған, ерекше білінетін жаңа факторы шу болып табылады.
Шу – жануарлардың ағзаіне әсер ететін факторлардың бірі. Егер шудың қысымының мөлшері белгілі бір деңгейден асатын болса, шудың әсері стресс факторы ретінде байқалады.
Шу жүйке жолдарына физикалық әсер етуді тудырады. Шудың шектен тыс жағымсыз әсер етуі оның ағзаға комплексті түрде әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл ауыл шаруашылық жануарларының өмірлік көріністерінің өзгеруімен байқалады.
Жануарлардың өмірлік көріністеріне шудың әсер ету деңгейі төмен бөлмелерде ұсталатын жануарларға оның 40-60 дБ-дан асуы әсер етеді. Жануарлар мазасызданады, дем алу уақыты азаяды, азық қабылдау дәрежесі төмендейді және т.б. Мұның бәрі жануарлардың өнімділігіне кері әсер етеді. Бірақ адаптацияның бірнеше уақыты өткен соң бұндай шуға жануарлар үйрене бастайды.
65 дБ- да әсер еткенде кейбір жануарларда вегетативті-гормональды жүйесінің тітіркенуі байқалған, ал 70 дБ-да шудың ұзақ уақыт әсер етуі жануарлардың кейбір түріне кері әсер етеді.
Дыбыстың кері әсер етуінің дәрежесі оның интенсивтілігіне және ұзақтығына байланысты. Жалпы айтқанда, ағзаның бейімделуінен кейін ұзақ уақыт бойы шудың әсері анда – санда әсер ететін шуға қарағанда (дыбыстың қысымының бірдей дәрежесінде) зияны аз болып табылады. Керісінше, қатты әрі тез әсер ететін шу төменгі дыбыс қысымында ылғи әсер ететін шуға қарағанда зиянды. Интенсивті шулардың жағымсыз әсері негізінен маңызды жеке ағзаларға біршама әсер етуіне байланысты сипатталады.
Жануарлардың шуға жауап қайтару реакциясы адамдарға қарағанда төмен. Сондықтан шудың адамдар мен жануарларға әсер етуін зерттеу әр түрлі болып келеді.
Ауыл шаруашылық жануарларының арасында қатты шу ірі қара мал және жылқыларға жағымсыз әсер етеді, ал шошқаларға оның әсері онша әсер ете қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |