Көптеген факторлардың бір уақытта әсер етуі. Әр түрлі факторлардың әсер етуі негізінде жүргізілген талдаулардан ерекше нәтежиілер алынды. Мысалы, жануарлардың белсенділігіне жарықтың, уақыттың және азықтандыру шарттарының әсер етуі. Егер жануарларды аз азықтандырса, онда олардың белсенділігі азық беру уақытымен анықталады және шешуші әсері ретінде ағзаның қажеттілігін қанағаттандыра алмайтын факторлар пайда болады. Егер азық жеткілікті болатын болса, онда азықтандыру уақыты жануаралардың белсенділігіне әсер етпейді. Бұл тышқандарға қойылған тәжірибелерде жақсы дәлелденген.