Ұрпақтарын өсіру кезеңінде құстардың бірігуі. Көптеген құстар многамалық жұпатарын сақтай отырып, ұялау уақытында колонияларға бірігеді.
Олардың саны жоғары болады, мысалы, арктикалық жағалаудағы құс базары. Осындай колониялар типтік анонимдік бірлестіктен тұрады. Ол жерде ата – аналық жұптардың мүшелері ғана болады. Колониялы ұялауға жағалау қарлығаштары, шағалалар,көкқұтандар, суқұзғындары және басқада құстар бейім келеді. Моногамиялық қатынасы сақталған иерархиялық арақатынаспен жақсы көрінетін жекеленген колонияларды құзғындар, жорғаторғайлар қалыптастырады, Бұл құстардың колонияларында әдетте жыныстық белсенділікті гормональді жаншу немесе психологиялық пішу байқалады, сондықтан көбеюуге барлық аналықтар қатысады. Одан басқа, құстарда коммун деп аталатын типтердің қатары анықталған. Оларда ұрпақтарын өсірудің әр түрлі типтері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |