Пингвиндер коллонияларының ұялануы. Ұрпағын өсіру үшін бірігудің қажеттілігі жұмыртқаларының сақталуы мен басылуы ұзақ уақытты талап ететін, азық табуы қиын құстарда туындайды. Осыған ұқсас міндеттерді шешу үрдісіндегі еңбектің мысалы ретінде Антарактидада немесе Оңтүстік полярлық шеңберінде өмір сүретін император пинвиндерін келтіруге болады. Бұл құстардың бірнеше мыңдаған құстарынан тұратын ұялы колониялары материктің тереңдігіндегі дәстүрлі ұялардың орындарында орналасқан. Пингвиндер бұл орындарға антарктикалық күз, яғни наурыз айның басында көше бастайды. Ашық су кеңістіктерінен аулақтай отырып, пингвиндер азықтарын судан тапсада, бірнеше айлық ашығуға қамтаммасыз етіледі. Осы орындарға келгеннен кейін, пингвиндер аналығын жұмыртқалауға дайындау мен шағылысуға сәйкес серіктесін іздеу үшін екі айға жуық уақытын жоғалтады. Мамыр айында қатты полярлық қыс басталған кезде, әр аналық салмағы 500 г болатын ақ түсті жалғыз ғана жұмыртқа туады.
Туылған жұмыртқаны аналық аталығына береді, ол бірден өзінің аяқтарымен қабылдап, қауырсынды қабатты байлауышымен жұмыртқаның үстін жабады. Аталық жұмыртқаны екі ай бойы осы қалташада инкубациялайды. Жұмыртқа туылғаннан кейін, екі ай бойы ештеңе көрмеген колониялардағы барлық аналықтар өздерінің жұптарынан кетеді және теңізге қоректену үшін топтасып кетеді. 2-2,5 ай өткеннен кейін шілденің қатал аяздары кезінде аналықтар ұялау орындарына қайтып келеді. Аналық пингвиндер өз қарындарында сәл қортылған 4 кг жуық балық әкеледі. Қайтып келген аналықтар өз аталықтарынан жұмыртқасын немесе балапандарын алады, олар оны қалташаларына салып, ішінен құсып шағаратын азығымен балапандарын қоректендіреді. Енді, теңізге аталықтары барады және колонияларға 2 айға жететін жаңа азық қорымен қайтып келеді. Бұл көктемде өтеді, Мұздың еруіне байланысты, колониялар теңізге жақындай түседі және аналары өздерінің балаларын кезек – кезек қоректендіреді. Бұл кезектерінде олар балық және кальмар аулап әкеледі. Тірі қалған балапандары емін – еркін өмір сүре бастайды және некелік кезең басталғаннан кейін 10 ай өткен соң желтоқсан айында, яғни жаздың бас кезінде колониялардан кетеді. Император пингвиндері өздерінің денесінде дене салмақтарымен бірдей май мөлшерінің арқасында осындай қатал режимге шыдай алады. Олар ашығу кезінде осы резервтерінен айрыла бастайды. Кезеңнің басында аталықта 40-43 кг-ға дейін тартады. Олар колонияларынан кетке соң, 4 айдан кейін жұмырталарын немесе балаларын уақытша аналықтарына қалдырады, олардың салмағы 25 кг шамасында болады.
Жұмыртқаны бірнеше күндік басу уақытында жылудың бағалы қорын шығындамау үшін, император пингвиндері біріне – бірі тығыз жанасуға мәжбүр болады. Ол жерде жүздеген пингвиндер тік тұрады. Зерттеулерде көрсетілгенде, егер түзілген жанасулардағ құстардың 300-ден төмен болмаса, мұзды желдің ызғарында ашығуға шыдамды келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |