Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Инстинктивті мінезқылықтың сыртқы факторлары



бет14/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122
Инстинктивті мінезқылықтың сыртқы факторлары. Сыртқы ортадан туындайтын тәуелсіз мінезқылықтың ішкі факторларының автономдылығы туралы айтқан кезде, осы тәуелсіздік тек қана қатыстық болып табылатынын ескерген. Хольстың келтірген тәжірибелерінде белсенділік өзінен – өзі пайда болмайтыны көрінеді: орталық жүйке жүйесіндегі кездей соқ үрдістердің маңызы өмірлік маңызды жағыдайлардың туындауына тән алғышарттардан тұрады («неде болмаса – барлығы дайын»). Нәтежиісінде жануарлар бірінші сигнал кезінде жоғары таныммен қоршаған ортаның өзгерісіне әрекеттесуге қабілеттілігін арттырады.

Сыртқы инстинкті факторларға негізгі тітіркендіргіштер жатады. Негізгі тітіркендіргіштер – яғни сыртқы тітіркендіргіштің организмге әсері және инстинкті мінезқылықты тудыруы. Өзінің әртүрлілігі мен және өзіне тән ерекшеліктерімен дағдыланады. Негізгі тітіркендіргіштердің түрлері:



  • физикалық (көлемі, түр түсі, иісі) және химиялық (кеңістік қарымқатынастар, стимулдардың векторлары) мыс: аралардың векторлық қозғалысы;

  • қимыл қозғалысқа келтіруші яғни қимыл қозғалыстың белгі түрі қалыптасады;

  • бағыттаушы белгілі бір реакцияға байланысты пайда болатын

тітіркендіргіштер;

  • әрекетке келтіруші яғни жүйке орталықтарының табалдырығын алдына-ала төмендететін тітіркендіргіштер.

Негізгі тітіркендіргіштер сондай-ақ көптеген заттың қасиетін білдіреді. Жануарларда оптималды тітіркендіргіштер де болады. Олар жануарлардағы тән реакцияларды тудырады. Мысал ретінде Н.Тинберген анасының тұмсығындағы қызыл даққа құстың баласының реакциясын келтіредіТуа біткен бастаушы механизмдер үшін сыртқы стимулдарға жауап қайтарудың таңдамалығы тән қасиет болып табылады: олар тек қана, биологиялық толыққанды реакцияны туыдыруы мүмкін болатын, тітіркендіргіштердің белгілі бір комбинацияларына ғана тоқталады.

Басқаша айтқанда, сенсорлы өрісте басқаша сүзгіш функция болады, ола арнайы бейімделу алдындағы «дайындылықпен» байқалады. Сонымен, туа біткен бастаушы механизмдердің арқасында мінезқылықтың ішкі мотивациясы сыртқа шығады, яғни биологиялық маңызды жағыдайларда тәжірибе жасамай-ақ, даралар мен түрлерді сақтауға мүмкіндік туындайды.

Осы айтылғандарды қортындылай келе, туа біткен бастаушы механизм деп «бастаушы жағыдай» қатынасы бойынша дәлме – дәл мінездік актілерді қамтаммасыз ететін нейросенсорлы жүйелердің жиынтығын айтуға болады:спецификалық тітіркендіргіштерді қабылдау үшін анализаторларды баптау, сәйкес тітіркенулер мен жүйке орталықтарының тежелуінің (немесе белсенділенуі) интеграциясы.

Өзінің жиынтығында бастаушы жағыдайды құрайтын сыртқы тітіркендіргіштер қаншалықты өзінің туа біткен бастаушы механизміне сәйкес келгендіктен, «кілтті тітіркендіргіштер» деген атауға ие болды. Кілтті тітіркендіргіштер орта компоненттерінің мынандай белгілері болып табылады: жануарлар дара тәжірибеге тәуелсіз әрекеттеседі. Тауықтардың сипатталған тәжірибесінде, бұл анықталған жалпы белгілер болады, олар оның жердегі барлық жауларына тән.

Жануарлар тасымалдайтын кілтті тітіркендіргіштер жақсы зерттелген. Бұл тітіркендіргіштер аса қызығушылық тудырады, ол жануарлармен қарым-қатынас кезіндегі бастапқы, генетикалық бекітілген элемент болып табылады. Мысалы, голландиялық зоолог Н.Тинбергеннің жүргізілген тәжірибелерінде шағалалардың азықтық реакциясы зерттелген.

Табиғи жағыдайларда шағаланың ашыққан балапаны ата-анасының сары қанда қызыл дақтарды шұқиды және де соған жауап ретінде, олар балапанның ауызына азық салады. Тәжірибеде жақсартылған моделдердің үлгілері көрсетілді. Бірінші модель кілтті тітіркендіргіштерді табиғи тасымалдағыштардың сыртқы бейнесіне жаңғырды, яғни, сары қабы және қызыл дақты үлкен шағалалардың басы. Одан кейінгі модельдерде сынау жолымен, ақырындап жеке бөліктері жойылды және соның нәтежиісінде үлгілер құстың басына ұқсай батады.

Ақыр аяғында сопақша дөңесі бар жазық қызыл зат қана қалды. Бірақ бұл зат алғашқы үлгіге қарағанда, балапандардың күштірек реакциясын тудыруға қабілетті. Егер, бұл үлгіні жіңішке қызы ала ақ таяқшамен ауыстыратын болса, бұл реакция күшейе түсуі мүмкін. Осы мысалдағы кілтті тітіркендіргіш «қызыл» немесе «сопақша» болады.

Тинбергтің торғайлардың он күндік балапандарына жүргізген тәжірибесінде кілтті тітіркендіргіштердің басқа категориясы анықталды – тасымалдаушы объектісі бөлшектерінің қатыстық көлемі және өзара орналасуы. Үлгі ретінде жазық дискілер қолданылды. Егер балапандарға осындай дөңгелекті көрсететін болса, олар оның биік бөлігіне қарай ұмтылады (құстың басының орналасқан жеріне). Егер үлкен дөңгелекке кішкентай дөңгелекті қоссағ балапандар оған ұмтылады. Егер үлкен дөңгелекке өлшемдері әр түрлі екі кішкентай дөңгелекті қосатын болса, шешуші мәнді осы пішіндердің қатыстық өлшеміне байланысты таңдайды. Басының өлшемі денесінің өлшеміне сәйкес келмеуі керек: денесі үлкен болған кезде, балапандар үлкен қосымша дөңгелекке ұмтылады (басқа), кішкентай болса кішкентайына қарай ұмтылады.

30-жылдары Киево көлінде Г.А.Скребицкий Т.И.Бибиковамен бірге қызықты тәжірибелер жүргізді. Олар шағалалардың жұиыртқаға деген қатынасын зерттеді. Жұмыртқа бір ұядан екінші ұяға ауыстырылды, басқа түрлі, жасанды жұмыртқаларға, кейін түсі, пішіні әр түрлі бөгде заттарға алмастырылды. Шағалалар бөтен жұмыртқаныда, ағаштыда, тастыда, саздан жсалған жұмыртқаныда, шыныныда баса беретін болып шықты және оларды баса бастады. Дәл осындай көріністер ұяға түрлі түсті шарлар, тастар немесе картофелиндер салынғандада байқалды. Экспериментшілердің айтуы бойынша, осындай заттарға отыратын шағалалар өте шынайы бейнені көрсеткен, бірақ ең ғажайып ерекшелігі, ұяларынан қуылған шағалалар қайтадан қайтып келеді және ұясына отырудың алдында тұмсығымен түрлі – түсті шарларды, тастарды ұқыптылықпен дұрыстаған.

Шағалалардың ұясына шеттері қисық, өзгеше шаршы тәрізді заттарды салған кезде, құстардың мінезқылығы байқалатындай өзгерген. Ұяның бір жағына бір жұмыртқадан және бір бөгде заттан салынған кезде, құстар ұясына қайтадан жұмыртқалармен бірге тек қана пішіні жұмыртқаға ұқсас дөңгелек заттарды ғана жинады.

Зерттеушілер шағалалардың жұмыртқаға деген оң көз қарасы оның бірнеше элементарлы – дөңгелектік, томпақтықтардың болуы секілді белгілермен анықталады деген тұжырымға тоқталды. Дәл осы белгілері кілтті тітіркендіргіш ретінде орындалды.

Кілтті тітіркендіргіштердің маңызды ерекшелігі суммация заңдылығына бағынады: олардың параметрлерінің ұлғаюымен, жануарлардың инстинктивті реакциясы күшейеді. Экспериментальді жағыдайларда, бұл «супер оңтайлы» реакцияларға әкелуі мүмкін. Бұл кезде жануарлар қалыпқа қарағанда жасанды тітіркендіргіштерге күштірек әрекеттеседі.Біз бұл құбылыстармен шағалалардың балапандарына жүргізген тәжірибеде кездескенбіз. Олар сол тәжірибеде нағыз тірі құстың тұмсығына емес, көлденең ала қызыл таяқшаларға көңіл аударға болатын. Бұл жерлегі суммация қызыл таңбалардың бірнеше реттілігінде және үлкен кереғарлығында өтеді.

Супер оңтайлы реакциялардың әсері эксперимент жағыдайларында жануарлың биологиялық абсурды мінезін тудыруы мүмкін. Мысалы, егер, шағалаға көлемі әр түрлі жұмыртқыларды ұсынған кезде, ол ұясына ірілерін тартып алады. Нәтежиісінде кілтті тітіркендіргіштердің супер оңтайлы белгілеріне ие ірі өлшемді жұмыртқаның ағаш макетін басу үшін, құс өзінің жұмыртқасын лақтырып жібереді.

Келтірілген мысалдарда көрсетілгендей, жануарлардың мінез – қылығына кілтті түрткілер оларды белгілі бір инстинктивті қозғалыстарды орындауға мәжбүрлеп әрекет етеді. Бұл жануар мінезіндегі жұмбақ кезеңдермен түсіндіріледі.

Мысалы, біздің ғасырымыздың басында жануарлар психологиясы бойынша антропоморфологиялық шығармалардың авторларының бірі Т.Целл ірі жыртқыштар қалыпты жағыдайларда кездескен адамдарына неге шабуылдамайды деген сұраққа жауап берді: арыстан адам болғандықтан емес, ол өзінің айқасуына күмән тудырғандықтан шабуылдамайды; Егер адамда қару болса, арыстан ол қандай қару деп ойлайды да, өз жолымен кетеді.

Әрине арыстан басқада жыртқыштар секілді адамға шабулын осындай терең ойлармен жүзеге асырмайды. Жыртқыш аңдардың адамдарға деген шешімі келесіге тоқталады. Қарыны тоқ жыртқыштар өздері қоректенетін жануарлар қасында тұрсада оған мән бермейді. Қарыны аш жыртқыштардың өз қоректерін іздеуі және оларды аңдуы жоғарыда көрсетілген сыртқы стимулдар – кілтті тітіркендіргіштерге сәйкес ішкі факторлармен орындалады (бірінші себебі— қоректік заттардың жетіспеуі салдарынан ағзаның ішкі ортасындағы теңдестіктің өзгеруі)

Тіпті ең суыққанды жыртқыш кімге болсын және қашан болсын шабуылдауға ерікті емес. Бұл әрекеттер кілтті тітіркендіргіштермен және басқада мінез – құлықтық актілермен кеңістікте және уақыт аралығында бағдарланады. Басқа сөзбен айтқанда, жануар солай қалайма не болмаса қаламайма деген секілді. Егер жануардың ішкі жағыдайы белгілі бір сыртқы бастапқы жағыдайға сәйкес келетін болса, онда ол түрлік типті мінездің генетикалық бекітілген кодының жағыдайларындағы мәліметтер үшін өзін жабайы ұстауға тура келеді.

Енді, эволюция үрдісінде ағзаның ішкі ортасының өзгеруі нәтежиісінде тікелей туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сыртқы ортаның тұрақты компоненттеріне бейімделу туындайды. Сыртқы ортадан аға үшін маңызды компоненттерді іздеу, осы компоненттердің кілтті тітітркендіргіштерінің типтік белгілері бойынша бағдарлану жолымен жүзеге асырылады.

Осы бағдарлардың нәтежиілері нейросенсорлармен, инстинктивті мінездің генетикалық бекітілген, эндогенді компоненттерін қосатын және рефлекторлы әрекет ететін жүйелермен (туа біткен бастаушы механизмдермен) жүзеге асырылады. Олай болса, туа біткен бастаушы механизмдер «сыртқа» қарай әсер етіп белгілі бір сигналды стимулдарға ағзаның сыртқы белсенділігінің таңдамалы бағытталуын қамтаммасыз етеді; ал «ішке» қарай әсер еткен кезде, олар рецепторлар арқылы түсетін ақпараттарды өңдеу мен бағалауды және инстинктивті қозғалыстар мен әрекеттерді мотивациялайтын эндогенді жүйке үрдістерінің тежелуін, бұғатталуын алу үшін, сәйкес жүйке құрылыстарының тітіркенуінің бастауын төмендету мен активациялау үшін шығаруды жүзеге асырады. Осындай тәсілмен, оның қоршаған ортасындағы биологиялық өзгерістермен ағзаның ішкі қажеттілігінің корреляциясы туа біткен негізде жүзеге асырылады.

Тек қана осы корреляцияда мінездің эндогенді мотивациясының биологиялық маңызы бар. Ішкі стимулдар ортаға қатысты қозғалысын ешқандай өзіндік реттеу жүйесінсіз жүзеге асырады. Сондықтанда, кең мағынада барлық жүйке жүйесінің әрекеті әр қашан толығымен рефлекторлы болып табылады.

Бұл үрдістер ортаның қоршаған ағзасымен тікелей байланысты. Ағза алмасу үрдістерінің қалыпты өтуі үшін қажетті сыртқы алғышарттырды мінездің қатысуымен құрады, оны белсенді әрекеттестіреді. Осы қатынаста, эндогенді автоматизмнің, жүйке жүйесінің кездей соқ белсенділігі, өзін – өзі бағдарлау қабілеттілігі пайда болады. Осы барлық эндогенді үрдістер сыртқы ортаға тәуелсіз болып таббылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет