Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет33/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Динамикалық стереотип. Қоршаған ортаның ағзаға әсері әдетте белгілі бір ретпен орындалатын тітіркендіргіштердің кешенімен жүзеге асатын. Көп рет қайталана, мұндай тітіркендіргіштердің стереотипті комплексі үлке ми сыңарларының қабығында қоздырушы мен тежелудің нақты ретпен орындалатын ошақтарының бір үлкен жиынтығын құрайды. Олай болса, тітіркендіргіштердің стереотипті әсері үлкен ми сыңарларының қабаттарының қызметінде жүйеліліктің немесе И.П. Павлов айтқандай динамикалық стереотиптің пайда болуына әкеп соғады. Жануарлар бір тітіркендіргіштер жүйесіне, нақты бекітілген қызметімен бірдей жауап қайтарады. Мысал ретінде мынадай фактіні келтіруге болады. Қызметтегі иттердің тәжірибесіз жаттықтырушылары кейде түсіне алмай қалып жатады: «отыр» бұйрығы берілгеннен кейін ит отырады,кейін өз бетімен жатып және кедергілерден секіріп жатады. Бұл жаттықтырушының бұйрығы бірнеше рет осындай ретпен берілген, нәтижесінде динамикалық стереотип пайда болады және ең алғашқы берілген бұйрық иттің барлық іс - әрекетінің белгісі ретінде қалыптасуымен түсіндіріледі. Жаттықтырушы бұйырған басқа да нұсқаулары бірден қалыптасқан стереотипті бұза алмайды, тек иттің ақырындап кез келген ретте жеке нұсқауларға дұрыс жауап қайтара бастайды. Динамикалық стереотиптің пайда болуы қабыршақтың синтездеуші қызметінің нәтижесі болып табылады және өзімен жүйке жүйесі үшін қиын тапсырманы ұсынады. Бірақ егер стереотип орнатылса, жануар үшін оны қолдау қиындық тудырмайды, стереотипті бұзу немесе қайта өзгерту бұл жерде қиынға соғады. Бір нәрсені қайта оқыту, яғни қалыптасқан стереотипті бұзып жаңадан құру қайтадан үйренуге қарағанда әлдеқайда қиынырақ болады. Кейбір жағдайларда берік динамикалық стереотипті қайта қайта қалыпқа келтіруі мүмкін және ол жануарларда жоғарғы жүйке қызметінің қалыптан ауытқуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан жас жануарлармен жұмыс істегенде ұстаудың және жұмыстың білгілі бір орнатылған тәртіпке үйрету кезінде барлық бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау қажет, өйткені жануарлардың тәжірибеде қолданылуын қиындатып, олардың ауыл шаруашылығында сапасын төмендетуі мүмкін. Ұйқы және гипноз. Бас ми қыртыстарының жасушаларының үздіксіз жұмыс істеуі олардың шаршауы мен әлсіреуіне әкеп соғады. Ұйқы қабыршақтың жасушаларын әлсіреуден қорғайды және қайта қалпына келтіруге жағдай жасайды. Ұйқы, немесе тыныштық күйі, уақыт өте барлық тірі ағзаларда қызметін атқарады. Бұл тірі табиғаттың әмбебап құбылысы болып табылады, ол орталық жүйке жүйесі жоқ жоғарғы сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да кездеседі.

И.П. Павлов иттерге шартты рефлекс әдісімен тәжірибе жүргізе отырып, ішкі тежелудің дамуы жануарлардың әлсіреуін және ұйқышылдығын тудыратынын дәлелдеді. Кей кезде иттер дифференциялаудың өңделуінде немесе тежеуіш тітіркендіргіштерді көп қолданған жағдайда ұйқыға кеткен. Осылайша, И.П. Павловтың айтуынша ұйқы мен тежелу бірдей үрдіс болып табылады. Бас ми қыртысының жұмыс істеуші жасушаларында шаршаудың шекті дәрежесінен асқанда осы жасушалардың жұмысын тоқтататын тежелу үрдісі басталады. Бұл тежелу бартық қабыршақты сонымен қатар қабат аралық орталықтарды қамтып иррадиациялайды, нәтижесінде жүйке жасушаларының жаңа сапалы күйі – ұйқы қалыптасады. Ұйқы барысында сезімдік ағзалардың қоздыру әрекеті төмендейді, тыныс алу мен тамырдың соғуы баяулайды, ас қорыту бездерінің жұмысы төмендейді және т.б.

И.П. Павловтың айтуынша, ұйқы жүйке жасушаларының әрекетсіз күйі емес, керісінше сергек кезіндегі жұмыс істеу қабілеттілігін қайта құру мақсатындағы нейрондардың зат алмасуын қамтамасыз етуге бағытталған үрдіс болып табылады.

Үлкен ми сыңарларында ұдайы қоздыру мен тежелу ошақтары болады. Ұйқы барысында ішкі және сыртқы ортадан таралатын тітіркендіргіштер төмендейді.

Бас ми қабыршақтары жасушаларының тежелуі оларды бұзылулардан сақтап, жұмыс істеу барысында жұмсалған заттардың қайта құрылуына әсер етеді. Ұйқы барысында бас миының электрлік белсенділігі өзгереді. Сергектік жағдайы бета-ритмдері бар энцефалограмманың болуымен сипатталады, ал ұйқы барысында тежелуге апаратын дельта-толқындары (баяу толқындар) әсер ете бастайды.

Ұйқының дамуында қыртыс асты түзінділерінің де маңызы зор. Сергектену кезінде ретикулярлы формацияның спецификалық емес қоздыру әсерлері қабыршақтың жасушаларының белсенділігін арттырып, ұйқының дамуына кедергі келтіреді. Егер белсенді әсерлерді жойып немесе алып тастаса, ұйқы үрдісі дамиды.

П.К. Анохиннің концепциясы бойынша, ұйқы дамуының бастапқы сатысында қабыршақтағы тежелу гипоталамикалық «ұйқы орталықтарынан» қабыршақ жасушаларының ұстаушы әсерін жояды: гипоталамикалық орталықтардың белсенділігі артып, ми бағанасының басқа бөлімдеріне таралады, үлкен ми сыңарларының белсенділігін арттыратын ортаға тартқыш импульстарды таламус деңгейіде тұйықтайды. Осыдан қабыршақ тонусы төмендейді де терең ұйқы дамиды. Белсенді үрдіс ретінде басталған ұйқы бейтарап күйге енеді. Олай болса, сергектік күйі мен ұйқының алмасуы, ұйқының тереңдеуі қабыршақтың, гипоталамус пен таламоретикулярлы жүйелердің өзара күрделі ара қатынасының нәтижесінде жүзеге асады.

Электроэнцефалограммалық зерттеулердің нәтижесінде ұйқының екі түрі ажыратылған.Олардың біреуі мидың электрлі белсенділігінің баяу толқындарымен (тета- және дельта-толқындар) сипатталады. Ол баяу немесе ортодоксальды ұйқы деп аталады. Мұндай ұйқы барысында тыныс алу мен жүрек соғысы баяулайды және т.б. Бірақ түнде 4-5 рет баяу ұйқы жылдам немесе парадоксальды ұйқымен алмасады. Электроэнцефалограммада сергек күйі кезіндегідей жылдам төмен вольтты толқындар пайда болады, бірақ ұйқы тоқтатылмайды, керісінше терең ұйқыға ауысады. Мұндай ұйқы барысында қаңқа бұлшықеттерінің тонусы төмендейді, бірақ вегетативті үрдістер жылдамдайды: тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, гормональды белсенділік артады. Парадоксальды ұйқы қысқа мерзімді болып келеді, жануарларда бар болғаны 3-4 минутқа ғана созылады. Кейін қайтадан 50-80 минутқа созылатын баяу (ортодоксальды) ұйқы басталады. Парадоксальды ұйқы кезінде әр түрлі сезімдерді, галлюцинациялар, түс көруді қабылдайтын жағдайлар жасалады; осыған орай жануарларда аяқтарын, құйрығын қозғалту, мұрттарының, құлақтарының қимылы байқалады. Ауыл шаруашылық жануарларда – жылқылардың, ірі қара мен ұсақ малдардың, шошқалардың орта есеппен ұйқысының ұзақтығы күніне 5-7 сағатты құрайды. Күніне олар 7-8 рет ұйықтайды. Жылқылар тұып ұйықтай алады.Жаз мезгілінде табында олардың ұйқысының көп мөлшері ыстық түскі уақытқа келеді, ал қаста атқораларында – түнгі уақытта ұйықтайды. Бір табында жылқылардың бір бөлігі ғана ұйықтайды, ал қалғаны сергек жүреді.

Ірі қара малдардың ұйқысыны уақытта болады. Ұйқы және қалғу барысында көптеген вегетативті функциялары өзгереді: тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді және т.б. Күйіс қайыратын малдардың қарынының жұмысы баяулайды.

Ересек жануарлардың парадоксальды ұйқысы (барлық ұйқыдан пайызбен өлшегенде): иттерде 10-15, шошқаларда 8-9, күйіс қайыратын маладрда Ъ-А созқылады. Жас малдардың парадоксальды ұйқысы ұзағырақ болады. Мысалға, сегіз күндік қозылардың ұйқысы 16% құраса, он екі күндік қозыларда бір күндік ұйқының 3,7% ғана бөлігін құрайды.



Гипноз.Ұйқының тәжірибе жүзінде зерттеу И.П Павловқа гипноз құбылыстарына физиологиялық анықтама беруге мүмкіндік берді. Гипнотикалық жағдайда үлкен ми сыңарларының көптеген бөлігі тұйықталған жағдайда болады және гипноздаушыдан шығатын тітіркендіргіштер (сөздер,дене қимылдары) қабыршақтың белгілі бір аумақтарында ғана қатты қоздыруды тудырады. Өзара әсерлескен индукция барысында тұйықталған бөлімдері мұндау қоздыруды одан әрі күшейтеді және теріс индукция нәтижесінде қоздыру ошағы қабыршақтың басқа бөлімдерінде тежелуді күшейтеді.

Осылайша, гипноз ішінара ұйқы болып табылады, яғни үлкен ми сыңаралрының белгілі бір аумақтары сергек күйде ал қалғаны терең ұйқыда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет