Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: 1. Заттар мен энергия алмасуы. 2. Белок май және көмірсулардың қызметі, жас ерекшеліктеріне қарай алмасуы. 3. Әр түрлі жастағы адамдардың зат энерия алмасулар
III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе Зат алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны қоршаған сыртқы орта фактормен байланысты жүреді. Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимиляция (синтез) және диссимиляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организмде қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жөсөспірімдер организмінде ассимиляция диссимиляциядан басым болады, ересек адамарда тең болса, қартайғанда диссимиляция басым болады. Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Денсаулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. https://emirsaba.org/adam-fiziologiyasi.html [1]
II. Негізгі бөлім: 1. Заттар мен энергия алмасуы Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Зат алмасудың ретелуінде бауыр үлкен рөл атқарады. Бауырда органикалық құрылымның (белоктар мен көмірсулар майға, май-көмірсуге өзгере алады) биохимиялық өзгерістері (биохимические превращения) болады. Бауырда қан белоктары синтезделеді, А витамині, D, K витаминдері бауырдағы қорға жиналады. Бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр қорғаныш қызметін атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдағы зат алмазу процестері әр түрлі ферментердің қатысумымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отрады. Бауырда көптеген В чтобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферментер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп.