Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет80/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113
 
 
Жануардың мінез-құлығын салыстырмалы бағасын өткізуге болады, тек 
тыныш күйі (+) және қозғалысы (-), оларды 5 мин интервалнда (+) және (-) 
белгілерімен көрсетеді. Зерттеулер толық тәулік бойы, сондай - ақ бірнеше сағат 
ішінде жасалады. Тыныш күйі ретінде қозғалыссыз тұруы, жатуы және отыруы, ал 
қозғалмалы белсенділігіне барлық қозғалыстары, ойын, төбелесу, ізденісі және 
азықтануы(егер азықтану кезіндегі бөлек бақылауы болмаса) жатады.
Осылай, (+) немесе (-) санын бекіте отырып бақылау кезеңде, қозғалыс пен 
демалысқа жұмсалған уақытын анықтап қоймай, сондай - ақ жануардың қызметтік 
күйінің коэффициенттін анықтауға болады. Этологиялық зерттеулердің 
қорытынды нәтижелері шынайы болуы мүмкін, егер бақылау үлкен мал басында 
жасалынса және бірнеше рет қайталанса. Қаншалықты жануар бақылауда көп 
болса, соншалықты шынайы нәтижелер алынады.  
Неғұрлым егжей-тегжейлі мінезқылық элементтерін әліппесі В. И. 
Великжанның екінші кестесінде көрсетілген.
Шошқалардың жеке стоноктарында мінезқылықтарын бағалауға В. И. 
Великжанинмен, Е. А. Иоффенмен фоторегистратор құрастырылды. Осы 
мақсатпен, станоктың бүйір қабырғаларында бір – біріне қарама – қарсы 
жарықтандырғыштарды және фоторегистратор – қабылдағышын орнатылады. 


197 
Жатқан шошқа ұрғашысы фоторезисторге сәуленің түсуіне кедергі болмайды. 
Тұрған кезде, ол оны жауып тастайды және дабыл фоторезистордан тіркейтін 
құрылғысына түседі.  
Әр станокка жануардың тұрған саны (п), тұру кезіндегі уақыты (taкmue) және 
жалпы бақылау уаықыты тіркеледі (жалпы). Тәжірбиеде қабылданған мінез – 
құлығын көзбен көріп бақылауы 15 минуттында бір рет немесе 5 минуттында бір 
тет жүргізіледі. Фоторегистор жануардың күйін минутына бір рет бекітеді. 
Белсенді қозғалыс индексін taкmue және жалпыдан түскен ақпараттарынан 
шығарады.
Популяциялық қарым-қатынастардың анықтауын өткенде, негізгі назар 
аударатыны жануарлардың қозу реакцияларына, олар қоршаған орта 
жағдайындағы биологиялық бейімдеу механизмдеріне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет