Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет27/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

Динамикалық стереотип. Қоршаған ортаның ағзаға әсері әдетте белгілі 
бір ретпен орындалатын тітіркендіргіштердің кешенімен жүзеге асатын. Көп рет 
қайталана, мұндай тітіркендіргіштердің стереотипті комплексі үлке ми 
сыңарларының қабығында қоздырушы мен тежелудің нақты ретпен орындалатын 
ошақтарының бір үлкен жиынтығын құрайды. Олай болса, тітіркендіргіштердің 
стереотипті әсері үлкен ми сыңарларының қабаттарының қызметінде жүйеліліктің 
немесе И.П. Павлов айтқандай динамикалық стереотиптің пайда болуына әкеп 
соғады. Жануарлар бір тітіркендіргіштер жүйесіне, нақты бекітілген қызметімен
бірдей жауап қайтарады. Мысал ретінде мынадай фактіні келтіруге болады. 
Қызметтегі иттердің тәжірибесіз жаттықтырушылары кейде түсіне алмай қалып 
жатады: «отыр» бұйрығы берілгеннен кейін ит отырады,кейін өз бетімен жатып 
және кедергілерден секіріп жатады. Бұл жаттықтырушының бұйрығы бірнеше рет 
осындай ретпен берілген, нәтижесінде динамикалық стереотип пайда болады және 
ең алғашқы берілген бұйрық иттің барлық іс - әрекетінің белгісі ретінде 
қалыптасуымен түсіндіріледі. Жаттықтырушы бұйырған басқа да нұсқаулары 
бірден қалыптасқан стереотипті бұза алмайды, тек иттің ақырындап кез келген 
ретте жеке нұсқауларға дұрыс жауап қайтара бастайды.
Динамикалық стереотиптің пайда болуы қабыршақтың синтездеуші
қызметінің нәтижесі болып табылады және өзімен жүйке жүйесі үшін қиын 
тапсырманы ұсынады. Бірақ егер стереотип орнатылса, жануар үшін оны қолдау 


72 
қиындық тудырмайды, стереотипті бұзу немесе қайта өзгерту бұл жерде қиынға 
соғады. Бір нәрсені қайта оқыту, яғни қалыптасқан стереотипті бұзып жаңадан 
құру қайтадан үйренуге қарағанда әлдеқайда қиынырақ болады. Кейбір 
жағдайларда берік динамикалық стереотипті қайта қайта қалыпқа келтіруі мүмкін 
және ол жануарларда жоғарғы жүйке қызметінің қалыптан ауытқуына әкеп соғуы 
мүмкін. Сондықтан жас жануарлармен жұмыс істегенде ұстаудың және жұмыстың 
білгілі бір орнатылған тәртіпке үйрету кезінде барлық бұйрықтардың дұрыс 
орындалуын қадағалау қажет, өйткені жануарлардың тәжірибеде қолданылуын 
қиындатып, олардың ауыл шаруашылығында сапасын төмендетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет