92
әрекеттерін саралап, одан кейін жасалатын іс – әрекеттеріне өзгеріс енгізеді. Біз
мұндай жағдайды бақыладық. Мықты сырықтардан жасалған биік қоршаулары
бар орманға қашырды жіберіледі. Қоршаудан секіріп өту үшін бірнеше рет
жасалған нәтижесіз әрекеттерден кейін қашыр тынышталады. Бірақ біраз уақыт
өткен соң ол қоршауды бойлай жатып және басын, денесін, құйрығы қимылдата
отырып қоршаудың келесі жағына өтті; тұрып, қағып – сілкініп, жүгіріп кетті.
Жоғарғы сатыдағы жануарларда бар және эволюциялық тұрғыдан дамитын
талқылаушылық қызметінің элементтері болады. Бұл жануарлардың күрделі
тапсырмаларды орындауларында дәлелденеді.
Жүре пайда болған мінезқұлықтыңқарастырылған формалары – үйрену және
ойлау – эволюцияның жоғарғы сатыларында дамиды. Үйрену сүтқоректі
жануарларда үстемді бола бастайды. Мінезқылықтары үйрену барысында туа
біткен және жүре пайда болған реакциялармен анықталады. Осы реакциялардың
механизмдерін оқып үйрену жөніндегі сұрақтар, жоғарғы жүйке жүйесінің
туындауын онтогенезде де, эволюциялық тұрғыда да қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: