Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет55/113
Дата07.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#80381
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
Байланысты:
Жануарлар этологиясы

үш түрде әсер етуі мүмкін: 
1.Директивті ( мысалы – құстар орташа тәуліктік температураның 
төмендеуіне байланысты жылы жаққа ұшып кетеді). Яғни температура 
жануарлардың мінез – құлқына едәуір әсер етеді. 
2.Реттеуші. Температура тер бездерінің жұмысын, гормондардың жұмысын 
– ең алдымен энергетикалық сипаттағы гормондар, катехоламиндер, зат алмасу 
үрдістерін, бұлшықеттердің жұмысын реттейді. Бұлшықеттер жылу өндірудің 
негізгі жүйесі болып табылады, олардың ықшамдалуынан көп мөлшерде жылу 
пайда болады. 
3.Патогенді, терморегуляцияның бұзылуының барлық үрдістері 2 фазада 
өтеді: компенсация және декомпенсация.
Қалтырау – пирогендердің әсеріне гомойотермді жануарлардың типтік 
терморегуляциялық реакциясы, ол терморегуляцияның жаңа деңгейдегі 
орнатылатын нүктесінің өзгеруімен байланысты. Қалтырау – ол типтік 
патологиялық үрдіс, оның жеке нозологиялық формалары болмайды. 
Қалтыраудың дамуына пирогендер – бергілі бір терморегуляторлы белсенділігі 
бар заттар себеп болуы мүмкін.
Пирогенді заттар екі формада болады: 
экзогенді және эндогенді. Экзогенді пригенді заттар қалтырауды тудырмайды. 
Олар тек ағзаде эндогенді пирогенді заттардың қалыптасуына ықпал етеді. 
Экзогенді пирогенді заттар 2 топқа бөлінеді: жұқпалы және жұқпалы емес. 
Экзогенді пирогендер микробтардың токсикалық, әсіресе грамтеріс қасиеттерімен 


142 
тығыз байланысты. 
Температура қаншалықты жоғары болса, интоксикация да 
соншалықты көп болады деген тұжырым бар. Бұл дұрыс, бірақ пирогендер 
өздігінен токсиндер бола алмайды, олар микробтардың цитоплазмалық 
мембраналарының және түрлік спецификасынан айырылған липопротеидтердің 
ыдырауының өнімдері болып табылады. Олар бөгде заттар болғандықтан, ағзаның 
фагоциттерімен сіңіріледі. Жұқпалы емес пирогендер – бұл жасушалардың 
ыдырауынан пайда болған өнімдер. Осы барлық құрылымдар фагоцитозға 
ұшырайды. Фагоцитоз үрдісі кезінде ақуыздық комплекстердің жаңа туындылары 
пайда болады және оларда эндогенді пирогендердің (лейкоцитарлы) пирогенді 
белсенділігі бар. Пирогендерді туындату қабілеті ағзаның барлық фагоциттеріне, 
бекітілген (альвеолалық, өкпелік) және бекітілмеген – макрофагтар мен 
микрофагтарға тән. Микрофагтар – қанның гранулоциттері тез әре жылдам 
пирогенді заттарды түзеді (506 сағат шамасында), кейін өздері ыдырайды немесе 
синтезді тоқтатады. Макрофагтар пирогендерді 2 тәулекке дейін өндіре алады.
Пирогенді заттар гематоэнцефалитикалық барьерден өтіп, гипоталамустың 
алдыңғы бөлігінде орналасқан термосезәмтал нейрондарға жетеді, ол жерде еі 
алдымен суыққа сезімтал нейрондардың функциясын өзгертеді және эндогенді 
пирогендердің 
ықпал 
етуінен 
арахидин 
қышқылынан 
(мембрананың 
фосфолипидтерінің ыдырауының өнімдері) Е тобындағы простогландиндерге 
алмасу үрдісі басталады. Простогландиндер циклдық нуклеотидтерлің 
ыдырауының ферменттерінің функциясын басу қабілетіне ие (циклдық 
аденозинмонофосфатт бұзатын фосфодиэстеразаны баяулатады). Осылайша олар
цАМФ – тың жасуша ішілік концентрациясын ұлғайтады. Жасушадағы цАМФ 
концентрациясының ұлғаюы қарапайым әсерлерге оның сезімталдығын 
арттырады.Терморегуляция орталығының белсенділігі мен сезімталдығы артады. 
Қарапайым температуралық режиммен байланыстының барлығы, терморегуляция 
орталығы арқылы суытушы эффект ретінде қабылданады. Сондықтан, ауырғанда 


143 
ең алғашқы сезетініміз ол тоңу белгілері және дірілдеу. Қалтыраудың бірінші 
сатысы дами бастайды. Ең алдымен ағза жылу бөлуді тоқтатады. Ағзаның 
перифериялық бөлімдерінің қан айналымы төмендейді – тері жабындылары 
бозданады. Бірден бұлшықеттің тұйықталу үрдісі – дірілдеу басталады. Ағза 
іштей жылына бастайды, бірақ жылуды сыртқа бөліп шығармайды. Бұл басында 
жылу бөлінудің азаюына байланысты жүреді. Дене температурасы жоғарылай 
бастайды – жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы өзгереді, қа айналымның 
жылдамдығы артады, тыныс алу функциясы өзгереді. Температураның көтерілуі 
патогенездің 2 факторына тәуелді болады: 
1.Эндогенді пирогенді заттардың мөлшеріне байланысты; 
2.Терморегуляция орталығының индивидуалды сезімталдығына байланысты 
(егеуқұйрықтарға қарағанда қояндар қалтырауға бейім, бұл терморегуляцияның 
орталығының сезімталдығының түрлік спецификалығына байланысты ). 
Қалтыраудың екінші дәрежесі – температура көтерілгеннен кейін, ұдайы 
жоғары температурада болуға тұрақтандырылады. Терморегуляция орталығы 
басқа деңгейге өтіп, жылу бөлінудің көбеюіне байланысты терморегуляцияны 
қосады. Бұл деңгейде тамырлы реакциялар байқалады: бозғылттық гиперемиямен 
алмасатын перифериялық тамырлардың созылуы. Аурулары да сау жануарлар 
секілді бұл деңгейде жылу мен суыққа тиісті реакциялармен жауап қайтарады. 
Температураның 1 градусқа көтерілуі кезінде жүрек соғысының жиілігі минутына 
10-12 соққыға дейін төмендейтіні белгілі. Тер пайда болғанда, температураның 
төмендеуі байқалады және қалтыраудың 3 сатысы – ажыратылымдық сатысы 
басталады.
Терморегуляция 
орталығы 
өзінің 
бұрынғы 
белсенділігіне 
қайта 
қалыптасады. Тер бөлінуінің әсерінен жылу бөлу жылу өндіруге қарағанда үстем 
болады. Температураның төмендеуі мен жоғарылауына байланысты 2 жағымсыз 
кезеңдері пайда болады: біріншісі температураның көтерілуі кезінде 


144 
терморегуляция ақаулары – орталықтан пайда болған қызу. Егер қалтырау – 
қорғаныш үрдісі болса, онда қызып кету – бұзушы үрдіс болып табылады. 
Олардың емделуі де әр түрлі: қалтырау кезінде антипростогландинді ем 
қолданады, антипиретиктерді тағайындайды, ал қызып кету – бұл декомпенсация, 
ал қалтырау – ағзаны қорғаудың ерекше формасы. Қалтыраумен байланысты 
екінші жағымсыз кезі – егер температура өте тез төмендесе, тамырлық 
жеткіліксіздік – коллапс пайда болады. Көлеміне байланысты циркуляцияланатын 
қанның жетіспеушілігі байқалады. Сон-дықтан да ауру жануарларға 
температураның ақырындап төмендеуі (литикалық) оңай өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет