«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет18/35
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92100
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Бақылау сұрақтары:

  1. Фотосинтез деген не?

  2. Көмірсулардың қорытылуы қай жерден басталады?

  3. Көмірсулардың қорытылуына қандай ферменттер әсер етеді?.

  4. Күйіс қайыратын малдардағы көмірсулардың қорытылу ерекшелігі қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы:«Қайнар», 1992.

  2. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.

  4. Чечеткин А.В. и др. Биохимия животных. – М.: «ВШ», 1982.

  5. Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.– М.:«Колос», 1984.

  6. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.



Дәріс 14. Гликолиз туралы жалпы түсінік
Дәріс жоспары

  1. Гликолиз туралы жалпы түсіні

  2. Лимон қышқылының циклі.

  3. Энергетикалық балансы және маңызы

Клеткадағы көмірсулар тотығу және энергия бөлу үшін ең тиімді субстрат. Бірақ клетка энергетикалық материал ретінде глюкозаны қор үшін жинай алмайды. Әсіресе қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда қор үшін жиналатын тиімді көмірсу - гликоген. Қандағы глюкозаның айтарлықтай бөлігі осы ұлпаларда жиналады да, гликогенге айналады. Бұл процесс гликогенез (гликоген түзілу) деп аталады. Гликогенез шағын мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларда дерлік кездеседі.
1.Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (М 104000) катализдейді, бұл фермент барлық клеткада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа, бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады. Глюкозаның фосфорлану реакциясы магний ионы қатысында глюкозо-6-фосфат түзілу арқылы жүреді. Глюкозо-6-фосфат- гликогеннің метаболизмі кезіндегі негізгі заттың біреуі.
2. Фосфоглюкомутаза ферментінің (М 62000) әсерімен глюкозо-6-фосфат қайтымды изомерленіп глюкозо-1-фосфатқа айналады.
Г люкозо-6-фосфат Глюкозо-1-фосфат
3. Гликоген синтезінің қорытынды кезеңінде гликоген-синтаза деп аталатын фермент реакцияға кіріседі, ол фермент глюкозаны УДФ-глюкозадан шығарып, полисахаридтердің өсіп бара жатқан тізбегіне қосады. Гликогенездің бұл сатысы өте күрделі және оның механизмі негізінен анықталған. Біз оны схема түрінде ғана береміз.
Глюкоза толық тотыққан кезде шығатын химиялық энергия жиынтығын АТФ түрінде береміз және оның термодинамикалық тиімділігін есептеп шығарамыз. Глюкозаның оттегі қатысында тотығуы экзергоникалық реакция болады да, энергия бөлініп шығады.
С6Н12О6+6О2→6СО2+6Н2ОG01 = -686 ккал/моль
Глюкоза
АТФ молекуласының шығуы.
1) Гликолиз процесінде глюкозаның бір молекуласының тотығуы екі АТФ молекуласын береді.

  1. Гликолиз кезінде түзілген НАД-Н екі молекуласы тыныстану тізбегінде тотығады да, 2x3 = 6 АТФ молекуласын береді.

  2. Пируват ацетил-А-коферментіне айналу кезінде түзілген НАД-Н екі молекуласы тыныстану тізбегінде тотығып, 2x3=6 АТФ молекуласын береді.

  3. Ацетил-А-коферментінің екі молекуласы лимон қышқылы циклында тотыққаннан кейін, өзінің электрондарын тыныстану тізбегіне береді және 24 АТФ молекуласы түзіледі. Осындай төрт түрлі жолмен барлығы 38 АТФ молекуласы түзіледі.

Әрбір АТФ молекуласының бос энергиясы G01 = —7,3 ккал-моль шамасына тең, ал 38 АТФ молекуласы 38x7,3 = 277,4 ккал береді. Сөйтіп бір моль глюкозадан АТФ түзілудің термодинамикалық тиімділігі:
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет