«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет19/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Негізгі терминдер
Моносахаридтер α-және β- аномерлер Гликозидтік гидроксил Альдон қышқылдары Урон қышқылдары Гиалурон қышқылы Гепарин Хондроитинсульфаттар Гемицеллюлоза Целлюлоза
Әдебиеттер
1. Жеребцов Н.А., Попова Т.Н., Артюхов В.Г. Биохимия. Изд. «Воронежский гос университет» 2002.
2. Бохински Р. Современные воззрения в биохимии М.Мир.1987.
3. Кноре Д.Г. Мызина С.Д. Биологическая химия. М. Высшая школа. 2003
4. Овчинников Ю.А. Биоорганическая химия. М.Просвещение, 1987.


Дәріс 7. Дәріс тақырыбы: «Липидтер биохимиясы. Липидтердің қорытылуы. Хиломикрондар, липопротеиндер»
Дәріс жоспары:

  1. Липидтердің қызметі

  2. Липидтердің қорытылуы және сіңуі

  3. Майлардың ішекте қорытылуы

  4. Триацилглицеролдардың (майлардың) биосинтезі.

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан
Май дегеніміз триацилглицеролдардың және басқада липидтердің күрделі қоспасы. Майдың химиялық молекуласы деп мысал ретінде мына триацилглицеролдарды көрсетуге болады:






Триацилглиерол



Майдың қорытылуы қарында басталады (5.1.сурет). Бірақ онда толық жіктеліп қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл құбылыс ферменттердің әсерін жеңілдетеді. Қарын сөлінде липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйқы безі липазасынан өзгеше. Ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6 - 7 болса, қарын липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза көбінесе көміртегі атомдарының тізбегі ұзын емес, орташа болатын май қышқылдары эфирлерін гидролиздейді.
Бұл кезде босап шыққан май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңеді. Жаңа туған сүтқоректілерде липаза ерекше қызмет атқарады. Өйткені сүтте төменгі молекулалық май қышқылдарының триацилглицерол-дары болады және липаза эмульденген май түйіршіктеріне әсер ете алады. Ондай май сүтте болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет