«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет17/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

Ішектің γ-амилаза ферменті олигосахаридтердің шетінен глюкоза қалдықтарын біртіндеп үзіп, ажыратады. Ал мальтаза ферменті мен изомальтаза ферменті (М 280 000) тиісінше мальтозаны және изомальтозаны α-глюкозаның екі молекуласына гидролиздейді.
α-Амилаза крахмалды (гликогенді) декстриндерге, олигосахаридтерге, мальтоза, изомальтозаға дейін гидролиздеп ыдыратады.
Күйіс қайыратын малдың қарыны төрт бөлімнен тұрады. Олар: үлкен қарын, қатбаршақ, жұмыршақ және ұлтабар. Ал үлкен қарын, қатбаршақ және жұмыршақ қарында үнемі 1 мл қоректік массада 1011 бактериялар және 106 қарапайым жәндіктер, анаэробтық микроорганизмдер тіршілік етеді.
Жылқының тік ішегі мен соқыр ішегінің көлемі үлкен болады. Жылқының осы ішектерінде және құстардың бөтекесінде көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді.
Мұндай жануарлардың қарынында, ішегінде тіршілік ететін микроорганизмдер клеткасында целлюлаза, целлобиаза ферменттері және басқа да ферменттер түзіледі. Ондай ферменттер целлюлозаны, пектинді, целлобиозаны гидролиздеп, негізінен β-глюкозаға және әр түрлі моносахаридтерге айналдырады. Осы моносахаридтер және басқа да қарапайым қанттар одан әрі қарай басқа микробтық ферменттердің әсерінен ашиды да, негізінен сірке, пропион, сүт, май, пирожүзім, қымыздық, янтарь қышқылдары, басқа да органикалық қышқылдар, көмір қышқылы мен СН4 түзіледі. Органикалық қышқылдар үлкен қарынның безсіз эпителийі арқылы сіңеді.
Микроорганизмдер қышқыл реакциясы бар ұлтабарға (нағыз қарынға) үздіксіз келіп жатады. Олардың қорытылуы осы қарында басталады да, Ішекке барып бітеді. Сонымен күйіс қайыратын жануарлардың нағыз қорегінің басым бөлігі өздерінің 1/7 массасының бөлігіндей болатын өз микроорганизмдері екен.
Целлюлоза қи қалыптастырушы көлемдік масса ретінде және ішектің қабырғасына әсер ететін механикалық қоздырушы ретінде адамға да, жануарларға да қажет. Целлюлоза ішектің толқындана жиырылуын күшейтеді және асқазан жолымен қоректің жылжып қозғалуына әсер етеді.
Жануар (жыртқыштардан басқасы) целлюлозасыз тіршілік ете алмайды. Ұзақ уақыт бойы жануарларды целлюлозасыз қоректендірсе, ас қорытылуы бұзылады, тіпті өлімге әкеліп соқтырады.
Ішек қабырғасы арқылы моносахаридтер ғана сіңеді, ал дисахаридтер мен күрделі көмірсулардың мұндай қабілеті болмайды. D-глюкоза мен D-галактоза концентрация градиентіне қарсы активті тасымалдау жолымен эпителий клеткалары арқылы сіңеді. Активті түрде тасымалдау тек D-қатарындағы қанттарға ғана тән, фруктоза активті тасымалданбайды, ол араласу жолымен сорылады.
Қанттар ішектің саңылауынан клетка мембранасы арқылы таратқыш молекулалар көмегімен және натрий иондарының қатысуымен тасымалданады. Таратқыш-молекулада глюкоза мен Nа+ ионының байланысатын жері бар. Ішектің шырышты қабығы шегінде таратқыш олармен байланысады да, клеткаға енеді. Клеткада олар бір-бірінен бөлінеді, глюкоза сероз мембранасы арқылы қанға барады, Nа+ шұғыл түрде тасымалданып кетеді, ал таратқыш-молекула қайтадан ішектің қуысына келеді. Қанттардың сіңу жылдамдығы әр түрлі. Галактоза мен глюкоза тезірек сіңеді. Ал глюкозамен салыстырғанда фруктоза 2 есе, манноза мен пентоза 5—10 есе баяу сіңіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет