«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет29/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

4) Фосфатидилхолиннің (лецитиннің) түзілуі ары қарай фосфатидилэтаноламиннің үш қайтара метильденуі арқылы жүреді. Метильдік топтар активтенген метионин-S-аденозилметионин береді. Үш қайтара метильдену реакциясы бұл арада қарастырылмайды. Реакция жалпы түрде ғана беріледі. Фосфатидилхолин түзілуінің мұндай жолы dе novo деп аталады.
Май қышқылдарының -тотығу жолы
Май қышқылдарының тотығуы митохондрияда жүреді, үш кезеңнен тұрады (8.9.сурет). Бірінші кезеңде активтенген май қышқылы ацил-КоА β-тотығуға түсіп, молекуласынан екі көміртек атомы бар ацетил-КоА-лар бөлініп шығады. Екінші кезеңде түзілген ацетил-КоА молекулалары лимон қышқылы циклымен тотығып, электрондар, НАДН, ФАДН2 және СО2 ыдырайды. Үшінші кезеңде электрондар, НАДН, ФАДН2 тыныстану тізбегіне кіреді де, тотыға фосфорлану процесінде электрондардың энергиясы АТФ молекулаларында шоғырланады. Май қышқылдарының үш кезең тотығу процесі пальмитоил-КоА мысалында 8.9 суретте берілген.
Негізі терминдер
Амфипатикалық қосылыстар
Эссенциалды қышқылдар
Глицерол
b-тотығу



Белок биосинтезі және оның негізгі кезеңдері. Белок биосинтезінің реттелуі.
Дәріс жоспары:
1.Амин қышқылдарының активтенуі және аминоацил- тРНҚ түзілуі.
2.Рибосома мен мРНҚ-дан белок синтездеуші комплекстің түзілуі.
3.Полипептидтік тізбектің синтезі (трансляция).
4.Белоктың кеңістіктік құрылымының (конформацияның) қалыптасуы.
5.Белок биосинтезінің реттелуі.
6.Секреторлық белоктар синтезінің ерекшелігі.
Клеткада белоктың синтезделуі өте күрделі де, көп сатылы процесс. Қазіргі кезде белок синтезінің өте нәзік механизмі анықталған. Теория жүзінде, мысалы, 12 амин қышқылының өзі ғана кезектесе қосылысып, ақыл жетпейтіндей 1030 мөлшерінде алуан түрлі белок молекулаларын құрастырады. Мұндай санның қанша екенін атап айтудың өзі мүмкін емес. Іс жүзінде клеткада белоктың синтезделуі қалай болса солай тәртіпсіз жүрмейді, ол процесс генетикалық информацияға сәйкес, қатал тәртіппен заңды түрде жүреді екен.
Синтезделетін әр белок клетканың мұқтажын өтеу үшін түзілетіні және дені таза организмде белгілі бір биологиялық қызмет атқаратыны анықталды.
Белок биосинтезі үшін қандай компоненттер қажет? Ол үшін: барлық 20 амин қышқылы, АТФ, ГТФ, магний иондары, әр түрлі ферменттер, тРНҚ, мРНҚ барлық түрі, рибосомалар, инициация факторы, элонгация және терминация факторлары, т. с. с. қажет.
Белоктың синтезделу процесін шамамен негізгі төрт кезеңге бөлуге болады.
Олар: 1) амин қышқылдарының активтенуі және аминоацил-тРНҚ түзілуі; 2) белок синтездеуші комплекстің - рибосомалар мен мРНҚ-дан құралған комплекстің түзілуі; 3) полипептидтік тізбектің синтезделуі (трансляция); 4) белоктың кеңістіктік құрылымының (конформацияның) түзілуі.
Белоктың синтезделу процесі, әдетте, амин кышқылдарының активтенуінен басталады. Олардың активтенуі АТФ энергиясының есебінен және магний иондарының қатысуымен жүреді. Дипептидтік комбинация түзілу үшін орта есеппен 2-3 ккал/моль энергия кажет. Амин қышқылдары карбоксил тобы бойынша амино-ациладенилаттар түзіп, активтенеді:

Амин қышқылы Аминоациладенилат
(активтенген амин қышқылы)
Бұл реакцияда пирофосфат жоғары энергиялы қосылыс ретінде қатысады. Оның пирофосфатаза көмегімен экзергоникалық гидролизі, реакцияны солдан оңға қарай термодинамикалық жылжуын энегриямен қамтамассыз етеді.
Е.coli клеткасында белок синтездеуші комплекстің түзілуі үшін керек компоненттер: мРНҚ, 30S және 50S рибосома суббөліктері, рибосомалар, инициациялаушы аминоацил-тРНҚ.
мРНҚ молекуласы алғашында рибосоманың кіші 30S суббөлігімен байланысады (13.7.2.), бұдан кейін оған инициациялаушы аминоацил-тРНҚ қосылады. Прокариот клеткаларында инициациялаушы болып N-формилметионил-тРНҚfМет саналады (қысқаша Мет-тРНҚf Мет).
N-формилметионил-тРНҚfМет метионил-тРНҚ формилденгеннен кейін түзіледі, ал ол метионинның АТФ-пен және тРНҚfМет-пен әрекеттескеннен кейін синтезделінеді.
Бұл белок биосинтезіндегі аса маңызды процестердің біреуі - трансляция үш сатыға бөлінеді: а) инициация немесе полипептидтік тізбек синтезінің бастамасы; б) элонгация немесе полипептидтік тізбектің ұзаруы; в) терминация немесе пеп-тидтік тізбек синтезінің аяқталуы.
Белок биосинтезінің жылдамдығын бір жағынан генетикалық аппарат басқарса, екінші жағынан сыртқы орта факторлары басқарады. Эукариот клеткаларында белок синтезі реттелуінің екі механизмі болуы мүмкін. Олар: транскрипция деңгейінде реттелу және трансляция деңгейінде реттелу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет