«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет31/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.

  2. Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.

  3. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  4. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.

Дәріс 14.
Аммиактың заласыздануы. Орнитин циклі
Дәріс жоспары:

  1. Ұлпаларда аммиакты залалсыздау.

  2. Орнитин циклі.

  3. Гемоглобиннің қарында ыдырауы

Амин қышқылдары әсіресе глутамат тотыға дезаминденген кезде көп мөлшерде бос аммиак NН3 бөлініп шығады. Аммиак өте улы, әсіресе миға зиянды. Бос аммиак клетка мембранасынан оңай өтіп кетеді де, митохондрияға, ми клеткаларына енеді. Ұлпаларда, әсіресе бауырда аммиакты зиянсыз қосылыстарға айналдыратын әсерлі механизмі бар. Әдетте қан құрамындағы аммиак шамасы қанның жалпы мөлшерінің 1% шамасындай, басқалары күрделі органикалық заттар түзілу реакциясына жұмсалады. Адамда және итте аммиактың мөлшері 0,03 - 0,08 мкмоль/мл. Үй қоянына тәжірибе жасап аммиак концентрациясын 4 мкмоль/мл дейін көбейткенде, ол өліп қалған. Аммиакты бейтараптау үш бағытта жүруі мүмкін.




Глутамат Глутамин



1) Глутаматтан глута-минді синтездеу жолымен аммиакты бейтараптау. Реакция глутаминсинте-таза ферментінің (М 350 000) әсерімен бауырда жүреді.


Аспартат Аспарагин



2) Аспартатпен аммиактан аспарагиннің синтезделуі. Бұл реакцияны глутамин - тәуелді аспарагинсинтета-за ферменті катализдейді.



Глутамин мен аспарагиннің амидтік топтары биологиялық тұрғыдан өте бағалы. Олар амин қышқылдары және әр түрлі азотты органикалық қосылыстар синтезінде пайдаланылады. Мысалы, аммиактың органикалық азоты биомолекулаларға енеді де, зат алмасуға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет