/ГАЗ/ Ауа-оттегінің,,көмір қышқыл газының және инертті газдардың азоттағы ерітіндісі.
Сұйық -қатты заттың судағы ерітіндісі.
Қатты-алтын,күміс құймасы.
Суспензиялар-қатты заттардың майда бөлшектері су молекулалары арасына біртекті таралған жүзгіндер.Мысалы саздың сумен қоспасы.
Эмульсиялар-қандай болсын сұйықтың майда тамшыларының су молекулаларында біртекті таралуы.Мысалы-өсімдік майын,бензинді сумен араластырсақ.
Заттардың суда ерігіштігі-Заттар шексіз ери бермейді.Қатты заттар жақсы еруі үшін температураны жоғарылату керек.Газдар ерігіштігі температура төмендегенде және қысым артқанда жақсарады.
Қаныққан ерітінді- осы температурада зат ары қарай ерімейді.
Қанықпаған ерітінді-зат әрі қарай тағы еритін болса.Мысалы –шайға қант салсақ біраз бөлігі ерімейді,қозғасақ,ысытсақ ериді.
Осмос - еріткіш бөлшектердің жартылай өткізгіш мембранадағы сұйылтылған ерітіндіден концентрацияланған ерітіндіге ауысуы.
Осмостық қысым-жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің/су/ өтуіне жұмсалатын күш.
Диффузия- бөлшектердің жоғары концентрация аймағынан төменгі концентрацияға дейінгі қозғалысы.
Электролиттердің суда ерігенде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады.
Электролиттер дегеніміз суда еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар (минералды қышқылдар, тұздар, негіздер).
Қышқылдар –сулы ерітінділерде молекулалары сутегінің катиондарына және қышқыл қалдығының аниондарыгна диссоциацияланатын электролиттер
мысалы : HCL-тұз қышқылы
H2SO4-күкірт қышқылы
HNO3-азот қышқылы
CL.SO4.NO3-қышқыл қалдықтары
Гидроксидтер /Негіздер/- молекулалары метал катиондарынан және бір немесе бірнеше гидроксил /ОН/аниондарынан тұратын,күрделі заттар.
Мысалы :Na OH-натрии гидроксиді
Ca(OH)2-кальции гидроксиді
Fe (OH)3-темір гидроксиді
Тұздар:-молекулалары метал катиондарынан және қышқыл қалдығының аниондарынан тұратын күрделі заттар.
FeCL2—темір хлориді
NaNO3-натрии нитраты
KHSO3-калии гидросульфаты
Mg OHCL-магнии гидроксохлориді
1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус электролиттік диссоциация теориясын ұсынды. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).
Электр тогының әсерімен иондар қозғалысқа келеді: оң зарядты иондар катодқа бағытталады, олар катиондар деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа бағытталады, олар аниондар деп аталады.
Диссоциация процесі қайтымды процесс.
Су әлсіз электролит болғандықтан сутек пен гидроксил иондарына өте аз мөлшерде диссоциацияланады. Суда және су ерітінділерінде сутек пен гидроксил иондарының концентрацияларының көбейтіндісі тұрақты шама, ол судың иондық көбейтіндісі (Кв) деп аталады. Бұл шама [Н+] мен [ОН-] иондарының концентрацияларының көбейтіндісіне тең:
Кв = [Н+] ´ [ОН-] = 10-7 ´ 10-7 = 10-14
Алайда, теріс дәрежелі санды қолдану ыайсыздық туғызғандықтан, сутек иондарының концентрациясын белгілеу үшін рН символымен белгіленетін сутектік көрсеткіш деп аталатын шама қабылданды. Сутектіктік көрсеткіш дегеніміз теріс таңбамен алынған сутек иондарының концентрациясының ондық логарифмі:
рН = -lg[Н+]
Буферлік ерітінділер деп қышқылдың немесе негіздің біршама көп мөлшері қосылғанда рН мәнін тұрақты сақтап қалатын ерітінділерді атайды. Буферлік ерітінділер құрамы бойынша екі түрге бөлінеді: қышқылдық және негіздік. Қышқылдық буферлік ерітінділер әлсіз қышқылдардан және олардың күшті негіздерінен түзілген тұздарынан тұрады.
Мысалы: СН3СООН + СН3СООNа – ацетат буфері
әлсіз қышқыл күшті негіздің тұзы
Негіздік буферлік ерітінділер әлсіз негіздерден және олардың күшті қышқылдармен түзілген тұздарынан тұрады.
Мысалы: NH4ОН + NH4Cl – аммиак буфері
Әлсіз негіз күшті қышқылдың тұзы
Жануарлардың организмінде көбінесе қышқылдық буферлік жүйелер кездеседі.
Буферлік әсер сақталатын шек буферлік сыйымдылық деп аталады. Буферлік сыйымдылық буферлік жүйенің компоненттерінің табиғаты мен концентрациясына тәуелді. Ең жоғарғы буферлік сыйымдылық қышқыл мен тұздың бірдей молярлы мөлшерінде, яғни қышқыл мен тұздың концентрациясының қатынасы 1-ге тең болғанда байқалады:
Қышқыл / тұз = 1