«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет22/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

Фосфатидилхолин (лецитин) - негізгі фосфолипидтердің біреуі, ол екі жолмен түзіледі. Оның бір жолын de novo («басынан бастап»), екіншісін «құтқарушы» деп атайды. (А. Ленинджер, 1985). Фосфолипидтердің анаболалық реакцияларына цитидинтрифосфат (ЦТФ) қатысады. Оның көмегімен фосфохолин мен фосфоэтаноламин активтенеді. Бұл екі жағдайда да синтез диацилглицерол арқылы жүреді. Диацилглицеролдың түзілу механизмі жоғарыда қарастырылды.
1) Этаноламинкиназа ферментінің әсер етуімен және Мg2+ иондарының қатысуымен фосфоэтаноламин түзіледі:

Фосфоэтаноламин
2) Фосфоэтаноламин мен ЦТФ реакцияласады да, цитидиндифосфат-этаноламиннің (ЦДФ-этаноламнннің) активті молекуласы түзіледі, бұл реакцияны фосфоэтаноламинцитидилтрансфераза ферменті катализдейді:
Фосфоэтаноламин + ЦТФ → ЦДФ—этаноламин + пирофосфат
3) Бұдан кейін ЦДФ - этаноламин мен диацилглицерол өзара әрекеттеседі. Бұл реакцияға этаноламинфосфотрансфераза ферменті қатысады.

Диацилглицерол ЦДФ-этаноламин Фосфатидилэтаноламин (кефалин)
4) Фосфатидилхолиннің (лецитиннің) түзілуі ары қарай фосфатидилэтаноламиннің үш қайтара метильденуі арқылы жүреді. Метильдік топтар активтенген метионин-S-аденозилметионин береді. Үш қайтара метильдену реакциясы бұл арада қарастырылмайды. Реакция жалпы түрде ғана беріледі. Фосфатидилхолин түзілуінің мұндай жолы dе novo деп аталады.
Май қышқылдарының -тотығу жолы
Май қышқылдарының тотығуы митохондрияда жүреді, үш кезеңнен тұрады (8.9.сурет). Бірінші кезеңде активтенген май қышқылы ацил-КоА β-тотығуға түсіп, молекуласынан екі көміртек атомы бар ацетил-КоА-лар бөлініп шығады. Екінші кезеңде түзілген ацетил-КоА молекулалары лимон қышқылы циклымен тотығып, электрондар, НАДН, ФАДН2 және СО2 ыдырайды. Үшінші кезеңде электрондар, НАДН, ФАДН2 тыныстану тізбегіне кіреді де, тотыға фосфорлану процесінде электрондардың энергиясы АТФ молекулаларында шоғырланады. Май қышқылдарының үш кезең тотығу процесі пальмитоил-КоА мысалында 8.9 суретте берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет