«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет24/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

И.П. Павловтың, әсіресе белоктардың ферменттік табиғатын анықтаған Дж. Самнердің (1926 ж.), Дж. Нортроптың (1930) бағалы жұмыстарынан кейін белоктарды зерттеу кең көлемде қолға алынды. Белоктар биохимиясында Ф. Сенгер ашқан жаңалық (1953) дәуірлік құбылыс болды. Ол полипептид тізбегіндегі амин қышқылдарының әрқашанда белгілі бір рет бойынша байланысатынын анықтады.
Белоктардың ең қарапайым құрамына мынадай элементтер кіреді (% есебімен): көміртегі 50—54; оттегі 21,5—23,5; сутегі 6,5—7,3; азот 15,0—17,6; күкірт 0,3—2,5.
Белоктар құрамындағы азот мөлшері тұрақты және ол құрғақ массасы бойынша алғанда орта есеппен барлық элементтердің 16 пайыз мөлшерінде. Сондықтан белгілі бір биологиялық материалдағы белок мөлшерін анықтау үшін, ондағы азот мөлшерін анықтап, ол шаманы 6,25 санына көбейтеді (100: 16 = 6,25).
Мысалы, әр түрлі жануарлардың жас ұлпасында мынадай мөлшерде белок болатыны анықталған (% есебімен): бұлшық етте-18-23, өкпеде 14-15, бауырда 18-19, теріде 16-17, жүректе 16-18, мида 7-9.
Пептидтік байланыс

Бірінші, N-соңғы Екінші амин Үшінші амин С-соңғы
амин қышқылының қышқылының қышқылының амин қышқылының
қалдығы қалдығы қалдығы қалдығы

Полипептидтік құрылым схемасынан көрініп тұрғанындай, оның тізбегі бос амин тобы бар (оны N-соңғы деп атайды) амин қышқылынан басталады да, бос карбоксил тобы бар амин қышқылымен аяқталады (С-соңғы амин қышқылы).


Белок молекуласының әрбір полипептид тізбегі клеткада организмнің генетикалық мәліметіне сәйкес және генетиканың заңы бойынша «бір генге - бір полипептид тізбегі» деген ереже бойынша синтезделеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.
2.Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.
3.Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.
4.Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет