«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


Дәріс 10. Алмасу үдерістерінің өзара байланысы



бет25/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Дәріс 10. Алмасу үдерістерінің өзара байланысы.
Дәріс жоспары
Зат алмасу дегеніміз – бұл ағза мен қоршаған орта арасында өтетін заттардың түсу және бөліп шығару тұрақты үдерісі. Ғаламшарда өмір сүретін тірі ағзалардың барлығының, тіпті вирустардың денесі қоршаған ортадан алынатын химиялық құрам бөліктерден құралады.
Өзіне меншікті ағзалық заттарды синтездеу жөне ағза ішіндегі тұрақты химиялық құрамдас, температураны және басқа көрсеткіштерді сақтап қалу үшін энергия қажет. Тіпті бір жасушаның сіңіру және бөліп шығару үдерісіне энергия керек. Сондықтан ағза қоршаған ортадан заттарды тұтыну үдерісінен басқа энергияны да тұтынуы тиісті.
Зат алмасуға байланысты барлық жиынтық үдерістер метаболизм деп аталады. Өйткені зат алмасуға химиялық құрамбөлікті — заттар да, сондай-ақ түбегейлі өзгеру де, энергияның өзара өзгеруі де қосылады. Оны үйлесімді энергетикалық алмасуға бөледі. Кейде энергетикалық алмасу үдерісін катаболизм немесе диссимиляция деп атайды. Катаболизм (диссимиляция) ұғымы ағзаның энергия алу мен оны тіршілікке жұмсау үдерістеріне біріктіреді. Қарама-қарсы ұғым — үйлесімді алмасу, оны анаболизм немесе ассимиляция терминдерімен белгілейді. Бұл ұғымдар заттарды тұтыну, олардың меншікті ағза заттарында түбегейлі өзгеру және содан соңғы жи-налу үдерістерін біріктіреді. Яғни ассимиляция немесе анаболизм дегеніміз тағамның химиялық құрамболіктерінен меншікті ағза заттарын синтездеуге және жинақтауға бағытталған реакциялар болып табылады.
.
Алайда анаболизм жөне катаболизмге шартты түрде болінеді. Өйткені шынында тағамдық заттардың энергиясы ретінде тірі жүйеге қосылған сәттен бастап бұл ұғымдарды шектеу мүмкін емес. Энергия тірі жүйелерде негізінде ағзаны құрайтын АТФ құрамбеліктері мен басқа ағзалық заттар арасындағы химиялық байланыстар түрінде қатысады. Энергия жылықандыларда (құстар және сүтқоректілер) ағзалардан жылу түрінде; электрлі жұпбалық сияқты ағзаларда механикалық қозғалыс энергиясы немесе биосәулеленетін ағзаларда (жарқырауық қоңыздар, кейбір балықтар, медузалар және саңырауқұлақтар) жарық энергиясы түрінде бөлінеді. Сонымен бірге ағзалардың көпшілігінде химиялық энергия және тіршілік үдерісінде жоғалатын, ағза денесін құрайтын заттар түріндегі энергия бөлінеді. Мұның түскен жапырақ, түлеген тері, шаш, қабыршақтанған тырнақ түрінде, жыл сайын тастайтын кейбір бұғы түрлерінің мүйізі, түлеу кезінде буынаяқтылардың және жорғалаушылардың алмастыратын жабыны түрінде, т.б. болуы мүмкін.
Энергия тірі жүйелерге үш түрлі жолмен түсе алады. Олар: 1) қоректік заттардың — нәруыздар, майлар және көмірсулардың химиялық энергиясы түрінде; 2) күн энергиясы түрінде; 3) бейағзалық заттардың химиялық энергиясы түрінде түседі. Осы негізде барлық тірі ағзаларды гетеротрофтар, фототрофтар жөне хемотрофтар бөледі.
.
Тағы бір маңызды топтама — тірі ағзалардың бейағзалық заттардан ағзалы заттарды синтездеуге бейімдігі. Яғни олардың көмірқышқыл газдан, судан жөне құрамында азоты бар қосылыстардан нәруыз, май және көмірсуларды ала ала ма, жоқ па? Осының негізінде барлық тірі азғаларды екі үлкен топқа: автотрофты жене гетеротрофты топтарға бөледі.
Автотрофтар латыншадан аударғанда — өздігінен қоректену (авто — дербес (өз бетімен), трофос — қоректену) дегенді білдіреді. Бұл ағзалар даяр ағзалы заттарға зәру емес. Яғни «автотрофтар» терминін латыншадан еркін аударғанда «азықтандыруды қажетсінбейтін, асқа мұқтаж емес ағза» дегенді пайымдайды. Автотрофтар жай бейағзалық заттардан нәруыздарды, майларды және көмірсуларды өз бетімен синтездей алады. Автотрофтардың барлығы энергия-ны нәруыздан, майлардан және көмірсулардан алмайды. Олар фототрофтарға жөне хемотрофторға бөлінеді. Фототрофтар немесе фотосинтездеушілер энергияны фотосинтез кезінде күн жарығынан алады. Мұның барлығы жасыл өсімдіктер (паразиттерден басқа) жэне көкжасыл балдырлар — цианбактериялар. Хемотрофтар немесе хемосинтетиктер хемосинтез жолымен бейағзалық заттардың химиялық энергиясын пайдаланады. Тек қана хемосинтездеуші бактериялар хемотрофтар болуы мүмкін.
Гетеротрофтар латыншадан аударғанда «басқалармен қоректенушілер» зат алмасу (гетеро — басқа, әр түрлі, трофос — қоректену) дегенді білдіреді. Бұл — бейағзалық заттардан ағзалық заттарды синтездей алмайтын ағзалар. Олар меншікті заттарын синтездеу үшін де, энергия алу үшін де даяр ағзалық заттарға — нәруыздар, майлар және көмірсулы азыққа зәру. Гетеротрофтарға барлық саңырауқұлақтар мен жануарлар, көптеген бактериялар, мысалы, шіріткіш бактерия-лар мен паразит өсімдіктер жатады. Дәлірек айтқанда гетеротрофтар мен хемосинтетиктерді химиялық энергия пайдаланатын ағзалар тобына біріктіруге болады. Мұндағы айырмашылық жануарлар, саңырауқұлақтар, сапрофитті және пара-зит бактериялар бұл энергияны ағзалық заттардан алады. Яғни олар басқа ағзаларды жейді не солардың қалдықтары мен бөлінділерін қорек етеді. Ал хемосинтездеуші бактериялар энергияны бейағзалық заттардан алады, көбінесе басқа тіршілік иелерімен көршілес болуды қажетсінеді.
Фотосинтез — бұл көмірқышқыл газ және судан жарық энергиясы есебінде ағзалық заттар синтездеу үдерісі. Фотосинтезді іске асырушы ағзалардың барлығының құрамында міндетті түрде арнайы пигменттер болуы қажет. Бұл — көбінесе хлорофилл, алайда ағзаларда әдетте қосалқы пигменттер де қатысады. Ал қызыл, қоңыр балдырларда және кейбір цианбактерияларда хлорофилден гөрі қосымша пигменттер көбірек болады. Фотосинтез кезінде көбінесе оттегі бөлінеді. Барлық өсімдіктер мен көптеген цианбактерияларда осылай іске асады. Фотосинтез үдерісінде судың орнына күкіртті пайдаланатын кейбір фотосинтездеуші бактерияларда бұл ереже өзгеше жүреді.
Хемосинтез — бұл энергияны химиялық қосылыстардан алатын үдеріс. Алайда термин «хемосинтез» бейағзалық заттар тотыққан кезде бөлінетін энергияны пайдаланатын үдеріс болып табылады. Топырақ микроорганизмдерімен өткізілген төжірибелерде бейағзалық заттарды қорек түрінде пайдалана алатын бактериялардың әлдебір класының өмір сүретінін дәлелдеу үшін осы үдеріс пайдаланылды.
Гетеротрофты ағзалар энергияны тағаммен бірге түсетін ағзалық заттарды оттегі әсерімен көмірқышқыл газ және суға ыдырату кезінде алады.
Гетеротрофтар тірі немесе өлі ағзатекті тұтынуына байланыс-ты сапрофиттер, шөпқоректілер, жыртқыштар немесе пара-зиттер болып бөлінеді. Тіршілік иелерінің қалдықтары немесе бөлінділерімен қоректенетін ағзалар сапрофиттер немесе сапротроф-тар деп аталады. Олар өлексені, шіріген ағзалық заттарды және топырақ қарашірігін жей алады. Оларға зең саңырауқұлақтары, топырақ, сүтқышқылдық және шіріткіш бактериялар, көң қоңыздар, шұбалшаңдар, тазқаралар, шибөрілер және т.б. жатады.
Өсімдікқоректілер — өсімдіктермен қоректенетін, алайда паразиттік етпейтін ағзалар. Бұған барлық тұяқтылар, кеміруші-лердің көпшілігі және т.б. жатады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет