Патологиялық – анатомиялық ашып сою.
Септикалық формасы. Табиғи саңылаулардан қанды ағулардың болуы. Өліктік сіресуі әлсіз немесе болмауыда мүмкін. өткір спленит (көк бауыры 3-5 есе ұлғайған) Бүйректе, бауырда, миокардта түйіршікті дистрофия. Қан гемолизі (ауада нашар қышқылданады, соның салдарынан ашық түсті болады). Гематурия.
Тері асты және бұлшық ет аралыөқ клечаткадағы серозды – геморрагиялық ісіктер. Сирек карбункулалаы катаральді – геморрагиялық энтерит (карбункулезді формасы кезінде). Құрсақ және кеуде қуысында геморрагиялық транссудат болады.
Өкпенің гиперемиясы және ісінуі (өкпе қанға толы, кейде гемморрагиялық пневмонияның лобомерлі фокустары болады). Күйіс қайыратындарда сес қарын тимпаниясы, жылқыларда ішек метиоризімі. Сібір жарасының қарапайым формасы кезінде гемморагиялық менингоэпцифалит (қойларда өткір ағымы кезінде) болады. Осы жағыдайда, клинкалық белгілері кенет пайда болады, жануарлар құлайды, мұрын саңылауларынан, ауыздан қанды көбік атқылайды және тынысы қиындағанда, конвульсия болған кезде олар өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |