4. Клиникалық және анатомиялық сипаттама.
Патологиялық анатомиясы. Сепсисте жергілікті және жалпы өзгерістер дамиды. Жергілікті өзгерістер инфекция кірген жерде өрістейді, бұл жерді кіру есігі немесе инфекция қақпасы деп атайды. Мысалы, хирургиялық сепсисте фурункул (шиқан), карбункул немесе операция жасалған жер сепсистік ошақ бола алады. Әдетте сепсистік ошақ іріңді қабыну ошағы болып сол жерден инфекция лимфа немесе қан жолдары арқылы тарала бастайды. Кейде жергілікті ошақ табылмайды. Сепсистің бұл түрін криптогенді (kryptos – жасырын) сепсис деп атайды. Бұның бірнеше себептері бар:
1) сепсис тек қана экзогенді ин фекциямен байланысты емес , кейде ол аутоинфекция нәтижесінде дамиды;
2) кейбір жағдайларда микроорга низм кірген жерде алғашқы ошақ пайда болмайды;
3) жергілікті ошақ сепсис басталған кезеңге дейін бітіп , жа зылып кеткен болуы мүмкін , ол кезде сепсистің қайнар көзін анықтау өте қиын .
Жалпы өзгерістерге паренхималы ағзаларда дамитын дистрофиялық өзгерістер мен қабыну жатады. Қабыну негізінен аралық (интерстициальды қабыну түрінде мысалы, интерстициальды гепатит, миокардит, нефрит) өтеді. Қан тамырлары да қабынады (васкулит). Сепсис үшін лимфоид тканьдердің әсіресе, көкбауырдың гиперлазиясы тән көкбауыр едәуір үлкейіп, ұстап көргенде божырап қалады. Көкбауырды кесіп қарағанда, ол қызыл түсте көрінеді және өте көп қырынды береді (сепсиске тән талақ).
Жіктелуі. Сепсис этиологиясы бойынша: стафиолококты, стрептококты, пневмококты, гонококты және т.б. деп жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |