2.3 Берілгендер. Берілгендер типтері Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік т.б.информацияны берілгендер деп атайды. Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды идентификатор деп атайтыны белгілі.
Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған. Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа құрылымы Турбо Паскаль программалау тіліне негізделген.
Delphi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:
Integer, Real, Char, String, Boolean (Integer - бүтін, Real - нақты, Char - символ, String - жолдық, Boolean – логикалық)
Бүтін және нақты типті айнымалылардың кейбірі, оларды пайдалану мүмкін аралықтар және жадта бөлінетін байттық орындар төмендегі кестеде келтірілген [5].