Delphi ортасында жиi кездесетiн оќиғалар:
OnClick – тышќан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick – тышќан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышќан түймесiн басу;
OnMouseUp – тышќан түймесiн босату;
OnMouseMove – тышќан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашќыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оќиғаларға сєйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi (олар 4-таќырыпта кең түрде ќарастырылған). Программа мәтiнiн программалыќ код деп, терезенi программалыќ код терезесi не ќысќаша редактор терезесi деп те атайды [24]. Жоғарыда ескертiлгенiндей, Delphi iске ќосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның таќырыбы нүкте арќылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (5-сурет), т.б.
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 5-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оќиғаға байланысты ќұрылатын процедура оќиғаны өңдеуiш не оќиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi ќұрылатын процедураның ќай класќа тиiстiлiгiн аныќтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлыќ жарияланулардың ќұрылымын көрiп шығуға болады [29].
5 сурет - Редактор терезесi.
Онда көрiнген процедура дайындамасы
Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұрады да, ќолдан ќұрылатын программа модуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша саќталады. Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске ќосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басќа кездерде ќосымша нұсќаулар енгiзудiң ќажетi жоќ. Негiзгi модуль (проект):
program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};
{$R *.RES}
begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
Мұндағы,
Project1 – негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа атау бойынша саќтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып ќойылады;
Uses (ќолдану) – Турбо Паскальдағы сияќты, ќызметшi сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалыќ) Forms модулi мен Delphi-дiң модульге алғашќы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның ќайсы модульдiк файлда ќұрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсќау. Ол компиляторға ќосымшаның (Windows көмегiмен дайындалған ќолданбалы программаның) ќор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгiлер (пиктограммалар) саќталған файлды және т.с.с. пайдалану керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - .res) [26];
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм - ќосымшаның алғашќы жүктелуiн ќамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi):
Достарыңызбен бөлісу: |