Жапырақ, сабақ Жоспары


Сүректі өсімдіктер сабағы



бет2/3
Дата12.07.2023
өлшемі2,12 Mb.
#104249
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11 дәріс

Сүректі өсімдіктер сабағы деп сабақтың ксилема бөлімі клеткаларының қабықшасына лигнин сіңіп, қатайған өсімдіктер сабағын айтамыз. Сүректі өсімдіктер сабағы сыртқы құрылысына қарай ағаштар, бұталар және жартылай бұталар деп бөлінеді.

  • Сүректі өсімдіктер сабағы деп сабақтың ксилема бөлімі клеткаларының қабықшасына лигнин сіңіп, қатайған өсімдіктер сабағын айтамыз. Сүректі өсімдіктер сабағы сыртқы құрылысына қарай ағаштар, бұталар және жартылай бұталар деп бөлінеді.
  • Ағаш – ерекше көзге түсетін жуан дің-сабағы және одан жуанды-жіңішкелі бұтақтар шыққан өсімдіктер. Ағаштың негізгі дің сабағының биіктігі 7 м-ден (арша) 150 м-ге дейін (эвкалипт пен секвойя) барады. Ағаштар 50 жылдан – 15000 жылға дейін жасайды.
  • Бұта – бір тұқымнан өсіп шыққан өсімдік сабағы тамырдың мойын түбінен бастап-ақ тармақтанып, түптеніп, топ-топ болып өседі. Бұлардың әрбір жеке сабақтары ұзын-қысқалығы және жуан-жіңішкелігі жағынан біркелкі болады. Олар да ерекше көзге түсерліктей негізгі жуан дің-сабақтары болмайды (тобылғы, жыңғыл, итмұрын т.б.).
  • Жартылай бұта. Жартылай бұта сабағының түп жағы сүректеніп, ұшы шөптесін күйінде қала беретін өсімдіктердің бір тобы. Жартылай бұтаға әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің көп түрлері жатады. Мысалы, қара жусан, ем шалфей, дәрмене, қаражидек, ақ қаңбақ т.б.

Сабақтың анатомиялық құрылысы

  • Алғашқы құрылысы. Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады (өсу конусы). Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен ксилема пайда болады. Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады. Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды, тамырдағы секілді екі комплекске: сырты эпидермиспен қапталған алғашқы қабыққа және орталық цилиндрге бөледі.
  • Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді: эпидермистің астында орналасқан арқаулық (механикалық) ұлпа колленхима; алғашқы қабықтың паренхимасы, оның клеткаларының көптеген бөлігін хлоропластар алып жатады; эндодерма алғашқы қабықтың ішкі қабаты, оның клеткаларында көп жағдайда, крахмал дәндері болады, соған байланысты эндодерманы крахмал қынабы деп те атайды.
  • Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Олардан қосалқы тамырлар, қосалқы бүршіктер, екінші реттік меристемалар – камбий және феллоген пайда болады. Кейде перициклде паренхималармен бірге склеренхима да болады (перициклдық талшық). Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасыорналасады. Ортасында қабықшалары жұқа болып келетін, үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзекорналасады. Онда артық қор заттары жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет