Жапондық менеджмент ерекшеліктері. Басқарудың жапондық типінің түрлері


Жапон кәсіпкерлерінің басқаруды ұйымдастыруы



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі39,22 Kb.
#131966
1   2   3
Байланысты:
психология

Жапон кәсіпкерлерінің басқаруды ұйымдастыруы
Жапондықтардың коммерциялық тәжірибесі қаржы нәтижелеріне бағытталып қана қоймайды және жапон бизнесмендері пайданы шектен тыс жоғарылата түсуді қолдамайды. Тәжірибе көрсеткендей кәсіпкер өзінің нарықтағы үлесін ұлғайта түссе, оның жолына табысты құрбандыққа шалып жоғарғы табыс тауып аз өнім сатқан кәсіпкерлер алдында олардың артықшылығы бар.
Жапонияда күні оңынан туып келе жатқан өнеркәсіп салаларына қолдау көрсету әдетке айналған.
Жапондық автомобильдер әлемде кеңінен танымал. Бұл олардың жанармайды өте аз қажет ететін машиналарды шығаруынан туындап отыр. Әрине басқа себептері бар, мысалы олар автомобильдің әрбір параметріне өте мұқият қарап тіпті техникалық істерден сонау көркемдеу жағына дейін қарастырады. олардың үлкен фирмалары Тойота, Ниссан тәрізді фирмаларына кішігірім фирмалар қарсы тұрып бәсекелестік өте жоғары болып отырады. Машиналар компактілі, орындау шеберлігі өте жоғары, әрбір ұсақ-түйекке өте қатты мән береді.
Жапония - әлемдегі рынокты мемлекеттік реттеу мейлінше жоғары дамыған ел болып танылады, осы себептен ол еліктеуге және тәжірибе жинақтауға өте мықты мысал бола алады.
Орташа жаапондық жанұясы өзінің жанұясының бюджетінің 20%-ін тамаққа арнайды.
Жапонияда «кейретсу» деп аталатын өнеркәсіптік компаниялар топтары бар. «Кейретсулар» екі түрге бөлінеді: біріншісі конгломераттар және жоғарыдан төмен қарай бағынатын компаниялар тобы.
Жапонияда негізінен алты конгломерат бар: оларға «Мицубиси», «Мицуи», «Сумитомо», «Фуйо», «ДКВ» және «Санва». Ал жоғарыдан төмен қарай бағынатын компаниялар тобына 39 компаниялар топтары жатады. (Хитачи, Тойота, Тос(ш)иба және т.б.)
Жапонияда өз жұмыс орнын қорғап қалу маңызды роль атқара қоймағандықтан оларда жаңашылдыққа деген талпыныс басым. Өйткені оларда жұмыс орны өле-өлгенше сақталып қалады. Сол себепті олардың басшылыары ұйымның ұзақмерзімді даму жоспарларына көп көңіл бөліп, ал қысқамерзімді жоспарларды күнделікті шешеді. Жапондықтар өздерінің өзіндік сезімін ұйымның мүддесіне бағындыра алады, сол себепті қысқа мерзімдік жеке мүдделер ешқашанда шешім қабылдау ісіне әсер ете қоймайды.
Жапон басшылары ұзақмерзімді перспективаларға мән беріп, обьективті ойлана алады. Сондықтан олар барлық жоғары технологиялық тауарларды шығаруда көш бастап келеді. Жапон басшысы өз жұмысының нәтижесін он жыл тіпті жиырма жыл күтуге дайын. Олар сол орнында болатынына және өз істерінің жемісін көретініне сенімді, сондықтан да барлық назарын жедел нәтиже шығаруға аудармайды.
Жапон корпорацияларының әлемдік нарықтағы бәсекелестігі көбінесе ел ішіндегі нарықтағы өте жоғары бәсекелестігінен туындайды. Жапония компаниялары өз нарығында дамып өсуі үшін өз өнімдерінің сапасын жоғарылатып, өнімдерді өте үлкен көлемде автоматты түрде шығарып, шығасыларды азайта түсумен болады. Жапон корпорациялары көбінесе өнімді сатуға және оның бәсеекелілігіне басым көңіл бөледі де, қаржы нәтижелеріне оншалықты көңіл бөле қоймайды. Олар алдымен нарықты жаулап алуды дұрыс деп тауып осы бағытта еңбек етеді.

Қорытынды
Жапон басшылары ұзақмерзімді перспективаларға мән беріп, обьективті ойлана алады. Сондықтан олар барлық жоғары технологиялық тауарларды шығаруда көш бастап келеді. Жапон басшысы өз жұмысының нәтижесін он жыл тіпті жиырма жыл күтуге дайын. Олар сол орнында болатынына және өз істерінің жемісін көретініне сенімді, сондықтан да барлық назарын жедел нәтиже шығаруға аудармайды.
Әрине көлемі кішкентай курстық жұмыста жапон менеджменті туралы егжей-тегжейлі жазу мүмкін де емес. Дегенмен біз бұл салада біраз жұмыс тындырдық деп ойлаймын. Өйткені жапон кәсіпкерлерінің пір тұтатыны атақты Коносукэ Мацусита туралы оқып-білу біршама білім көкжиегін өсіреді емес пе.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Майкл Мескон и др., “Основы менеджмента”, - М., 1995 г.
2. Тейлор Фредерик Уинслоу, “Менеджмент”, - М., 1992 г.
3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ
университеті, 1998 ж.
4. Каору И. “Японские методы управления качеством” М., 1980 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет