Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты


Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсері



бет3/6
Дата02.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#71298
1   2   3   4   5   6
2. 2 Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсері
Алайда, оқу үрдісіне тегін Wi - Fi - дың көмегі тиеді ме? Жалпы оқу орындар аймағындағы қамтылған Wi - Fi, оқу үрдісіне көмектеседі деп тұжырымдалды. Бұрын сымсыз еш жерге алыстай алмайтын болсақ, қазір дамыған технологиялардың арқасында, ғаламторға кез - келген ұялы гаджет арқылы шығуға болады. Қалай десек те, бір жағынан желіге қосылуға тіпті 256 - 512 Кбит/с жылдамдықпен мүмкіншілік алу, білім алушылар мен оқытушыларға шын мәнінде тиімді болып табылады. Бұл тегін Wi - Fi, оқу орындарында интерактивті оқытудың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді деп болжануда. Бірнеше құрылғыларды бір мезгілде іске қосу өз ойыңды жинақтауға мүмкіндік береді. Ал, енді тесттік сынақтарды веб - сайтта онлайн арқылы шешуге болатындығын кім және қалай мүмкіншілік бергені айтпай - ақ бірден белгілі. Бірақ, өкінішке орай, бұл тек қалауымыздағы ғана. Ал шын мәнінде, білім алушылар негізінде, тегін Wi - Fi - ды білім алу қажеттіліктері үшін емес, онлайн - ойындар ойнау мен әлеуметтік желілерде сөйлесу үшін қолданады.
Демек, ғалымдар Wi - Fi - дың жұмыс істеу аймағына жақын тұрған адамдар үшін, оның зияндылығы қаншалықты қауіпті екендігіне сұрақтар туындатты. Адамдарға 0, 5 - 2, 4 Гц жиіліктегі радио толқындар керісінше әсер ететіндігін анықтаған американдық ғалымдардан жауап алынды. Олар: Wi - Fi ең алдымен, жүйке жүйесіне күшті шабуыл жасайды. Ол өсіп келе жатқан ағза үшін өте зиянды. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның оқу орындары және мектептеріндегі білім алушылардың жас ағзасына зияны көп болғандықтан Wi - Fi - ды қоюға тыйым салды.
Сол сияқты жас ғалымдар құтыдағы топыраққа өсімдік ұрығын көміп, оны Wi - Fi қосылған бөлмеге және тура осындай екінші құтыны Wi - Fi жоқ бөлмеге қойған. Оларды бақылау 12 күнге созылды. Осы уақыттан кейін интернет желісі жоқ бөлмедегі ұрық топырақты жарып өсіп шыққан. Ал, интернеті бар бөлмедегі құтыдан ешнәрсе өспеген. Алғашқыда ересек ғалымдардың көпшілігі бұл зерттеуге немқұрайлы қарады. Біреулері тіпті, екі бөлмедегі жағдай екі түрлі болатын деп, оқушылардың жетістігін жоққа шығарған. Дегенмен, жасөспірім ғалымдар өз істерінің әділ өткендігін мәлімдеп отыр.
Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.
Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.
Осы тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес, онымен қоса GSM стандартты желісінде дәлелдеді.
Эксперимент жүргізу үшін мектеп оқушыларын таңдаған. Олардың әрқайсысы ұйықтар алдында Wi - Fi қосулы смартфонын жастығының астына қойып жатты. Таңертең оларды дәрігерлер қарады. Нәтижесі бойынша көбінде мидың қан жолдары тартылған және бас ауруы пайда болған. Жас ғалымдар яғни, Даниялық бес оқушы қыз анықтағандай, егер адам Wi - Fi желісі қосылған ұялы телефонын бас жағына қойып жатса, таңертең біраз уақытқа дейін көп нәрсені есіне түсіре алмай жүреді екен. Бірнеше ғылыми эксперименттің нәтижесі бойынша Wi-Fi мидың қан жолдарын тарылттырып, бас ауруына апарады. Сондықтан ұйықтар алдында ұялы телефоныңыздың интернетін өшіріп немесе мүлде алысқа қойып жатқаныңыз дұрыс.
Ал, Швеция ғалымдары болса, осыдан 10 жыл бұрын, осы зиянды сәуленің кесірінен еске сақтау, ойлау қабілетінің бұзылатындығын үнемі бас ауруы, шаршау белгілері және сонымен қоса тағы да, басқа органдарға әсерлерінінің болатындығын дәлелдеді. Тереңірек зерттеу барысында адам ағзасындағы жазушаларының деңгейінде өте қауіпті өзгерістерді анықтады. Нақтырақ айтқанда, ДНК сараптамасынан кейін қан құрамында жан түршiгерлiк өзгерiстер пайда болған. Қазіргі уақытта ұялы байланыстарды өндірушілер мобильді құрылғылардың қауіпсіздігі үшін үлкен күш салуда.
Жалпы дәл осындай тәжірибе осыдан бірнеше жыл бұрын Голландияда да жасалған көрінеді. Сол тәжірибеде де Wi-Fi желісі бар аймақта орналасқан талдарда сәуле ауруларының белгісі анықталып, жапырақтарында табиғи емес қорғасын жалтырағы пайда болған.
Wi - Fi қолданудағы зияндығы жөнінен адамдарға әлі жеткілікті айтылған жоқ. Сондықтан Wi - Fi - дың радиотолқыны ұялы телефонға қарағанда ағзаға өте зиянды деп есептеуге болады.
Денсаулықты сақтау агенттігі ескертеді: Wi - Fi аймағында жыл бойы отырған адам ұялы байланыспен жиырма минут әңгімелескендей, дәл сондай көлемдегі радио толқын қабылдайды. Соңғы 30 жылдағы осыған байланысты жүргізілген, 2 - 3 мың зерттеудің нәтижесінде, ғалымдар екіге бөлінді: жартысы зияны бар ал, қалғаны жоқ деп есептейді.
Осыған байланысты біраз уақыт сөз таластыруға болады бірақ, барлық Онтарио провинциясындағы Канадалық мектеп оқушыларының ата - аналарының көбі жаңа оқу жылының басына дейін, Wi - Fi көмегімен ғаламторға сымсыз байланысты мектептерде өшіру керектігін талап етті. Олар балаларының электромагниттiк сәулелерден қатты күйзелеліп, кейбіреулерінде бас аурудың, бас айналудың және жүректің соғысы өте жиілеп, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеледі екен. Ал, демалыс күндері яғни, балалары мектепке бармаған кезде, осындай құбылыстар бірден жойылатындығын байқаған. Сонымен қатар оқушыларда еске сақтау қабілетінің нашарлауы, баяулық, қышу, және ұйқысыздық мәселері табылды. Онтарио правинциясындағы 14 мектептің оқушыларынан дәл осындай құбылыстар байқалды. Бұның барлығы ғаламторға сымсыз байланысты орнатқаннан кейін бірден басталды деп айтқан.
Ғалымдар Wi-Fi желісі бар аумақтардың адам денсаулығына зияндылығы туралы сұрақтарға жауап іздеп, оған жауапты американдық ғалымдар жауап берді. Радиотолқындардың жиелігі 0,5-2,4 Гц болса адам организміне әсіресе жүйке жүйесіне әсер етеді. Осы зияндылықты тоқтату үшін алдымен АҚШ-та кейін Ұлыбритания мектептерінде Wi-Fi ді қолдануға тиым салынды. Wi-Fi роутерден тараған жиеліктен адамның ойлау қабілеті, есте сақтауы, адам денесіне калцийдің сініруін төмендетеді. Тереңірек зерттеудің нәтижесінде адам ағзасындағы өзгерістің, яғыни ДНК-да, хромосомаларда мутацияға ұшырайтынын анықтаған. Wi-Fi роутерден тараған радиотолқындар ұялы телефоннан да қауіптірек. Зияндылығы туралы айтпас бұрын алдымен жан жақты зерттеп алу қажет. Мүмкіндігінше балаларды Wi-Fi құрылғысы орналасқан аймақтан алысырақ ұстау қажет. Жасырын емес қазір ата-аналар балаларына заман талабына сай ақпараттық құрылғыларды сатып алып береді, бірақ оның зияндылығын түсіндірмейді. Денсаулық сақтау агенттігі Wi-Fi құрылғысының радиотолқынының зияны, ұялы телефонмен сөйлескен 20 минуттың ішіндегі алған радиотолқыннан да көп сәуле бөледі.
АҚШ - та, Грецияда, Францияда және т. б. мемлекеттерде Wi - Fi қондырғысын орнатуды тиым салды. Қазіргі уақытта толық дерлік барлық мектептерде сымсыз ғаламторды ажыратып, дәстүрлі сымға ауыстыру туралы ұсыныс шығарды. Трентовск университетінің ағзаға электромагниттік сәулеленудің әсерін зерттеген атақты профессоры Магда Хавас балалары мектепте күнделікті бірнеше сағат бойы отыратын, ата - аналармен келісе отырып, мұндай ғаламторды орнатудың түбегейлі жауапсыздық деп санап, кейбір АҚШ университеттерінде және студенттік жатақханаларында Wi - Fi орнатуға тыйым салынған.
Нақтырақ айтсақ, біздің балалар еліміздің болашағы, жас ұрпақ бізге қарағанда өте көп сәулені өзіне қабылдайды. Өйткені, олардың бас сүйегі өте жұқа және толық жетілмегендіктен милары электромагниттік толқындарды тез қабылдайды және өте бейім. Бұл балаларға оқу үрдісінде керекті және өте қызықты ақпараттарға оқу орны қабырғасынан ақ оңай әрі жылдам кіруге мүмкіншілік беретіндігіне күмәнім жоқ. Қазіргі кезде бүкіләлемдік желіні қолдана отырып, электронды кітапханаларға жүгінуге керекті жұмыс орындарының сайттарына кіруге, сілтемелермен, файлдармен алмасуға мүмкіншіліктер өте көп. Оған дәстүрлі сымды байланыс орнату керек.
Бірақ, бұны өзімізге сынақ жасап көрмей, оны толық қауіпсіз деп айта алмаймыз. Алайда Wi - Fi - дың радиотолқындарынан алысырақ жүрген дұрыс болады. Әсіресе, бұл балаларға қатысты. Жасыратыны жоқ қазіргі жас ата - аналар өз тыныштықтары үшін, балаларына жаңа жан - жақты планшет, смартфон, айфон, және т. б. коммуникациялық құрылғыларды, алып беруде. Балаларға оларды пайдалануға рұқсат етпестен бұрын, өз ағзаларына зиян екендігін түсіндіру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет