Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты



бет2/6
Дата02.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#71298
1   2   3   4   5   6
Зерттеудің жұмысының мақсаты: Wi - Fi желісінің пайдасы мен зияндылығын зерттеп білу. Оның зияндылығынан сақтану жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:

  • Wi - Fi деген не? Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасын анықтау;




  • Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсерін танып-білу;




  • Оқу орнында Wi - Fi - ды қалай пайдаланатынын зерттеу;




  • Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік

беретін ережелермен танысу.
Негізі бөлім


2. 1. Wi - Fi деген не? Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасы

ХХІ ғасыр-информациялық қоғам дәуірі. Компьютерлік технология өмірімізге кең таралып, қанат жаюда. Техникалық құрылымдардың жетілуі, компьютерлік, ақпараттық жүйенің енгізілуі жаңа білім беру бағдарламасын қалыптастырды. Wi-Fi дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейтін болсақ –ол жай сымсыз байланыс. Басқа сөзбен айтқанда бұл қарапайым түрде нотбуктердің арасында және интернет желісіне сымсыз қосылу. Wi-Fi желісін оқу процесінде пайдалану тиімді ме? Бір жағынан жүйеге қосылу жылдамдығы 256-512 кБит/с-тан жоғары болуы оқушылар мен мұғалімдерге тиімді. Wi-Fi желісі оқу орындарында активті оқытуға мүмкіндік береді.


XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.
Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi технологиясы.
Алдымен, желі дегеніміз – арнайы коммуникациялық құрылғы мен программалық қамтама арқылы бір-бірімен ақпараттық әрекеттесу мүмкіндігі бар түйіндердің (копьютерлердің, терминалдардың, баспа құрылғылары) жиынтығы. Желінің өлшемі өте кең, ол көршілес стөлдерде орналасқан екі компьютерден, дүниежүзінің шеткері жерлерінде орналасқан миллиондаған компьтерлерді байланыстырады. Өлшеміне байланысты желі бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі – жергілікті желі немесе LAN (Local Area Network). Жергілікті желі деп бір-бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және деректер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абонеттік жүйелер (есептеу машиналары, принтерлер, т.б.) жиынтығын айтады.
Барлық тұрмастық техникалар электромагниттік өріс түзеді. Ол барлық жерде: үйде, көшеде, транспортта көзге көрінбейді. Біз соңғы 20 жылдағы техникалық даму үрдісінің нәтижесінде біз түгелдей электромагниттік өрісте өмір сүреміз. Мамандардың пікірінше сымсыз байланыс жүйесі қоршаған ортаға, адам денсаулығына соның ішінде жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқу орындарында интернетке қосылу үшін сымсыз интернеттің қажеттілігі жоқ деп есептейді.
Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес.
Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді сымсыз байланыс технологиясы көмегі арқылы жалғастыру.
Қазіргі замаға сай желілік технология даму үстінде, мобилді талаптарға сай қарапайым баптауда және қолдануы ыңғайлы технология Wi-Fi сымсыз байланыс желісі болып отыр. Wi-Fi (ағылшын тілінде wirelessfidelity – сымсыз дәлдік ) – 1997 жылы құрылған стандарттың базасында сымсыз желiлерi үшiн Wi-Fi Allianceнiң саудалық маркасы IEEE 802.11.Ереже бойынша, Wi-Fi технологиясы сымсыз компьютерлік желі арқылы,оған қоса жылдамдығы жоғары ғаламтор байланысын ұйымдастырады.
Wi-Fi технологиясының өнеркәсiбiндегi қолданулары үшiн жабдықтаушылардың шектелген санымен болғанша ұсынылады. Siemens Automation Drives осылай Wi-Fiнi ұсынады - IEEE 802.11g-шi стандартымен сәйкес SIMATICтiң өз контроллерлерi үшiн шешiм еркiн ISM - 2, 4 ГГЦ 11 Мбит/с максимал тапсыру жылдамдық қамтамасыз ететiн диапазон. Осы технологиялар қозғалатын объекттердiң басқаруы және қоймалық логистикада үшiн негiзiнде қолданылады, сонымен бiрге себепке бойынша қандай болмасын Ethernet-тің өткенше желiлерi мүмкiн емес салатында жағдайлар бар.[1]
Бұл сымсыз байланыс желі соғыс - өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалған, бұл желіге сол кездегі өте күшті бірнеше ЭЕМ-дер біріктірілген. Қазігі уақытта үлкен компьютерлік сымсыз байланыс желілердің саны жүздеген мыңға дейін есептеліп отыр.
Беріліп отырған жұмыстың мақсаты, информатика деңгейін көтерумен қатар, қазіргі заман талабына сай жаңа байланыс ұсыныстарын пайдалана отырып, яғни, жоғары жылдамдықтағы ғаламтор байланысын, Wi-Fi технология қорында компьютерлік желіні пайдаланумен, «IT-жөндеу» жеке кәсіпкерлігінде сымсыз кеңжолақты байланыс желісін құру.
Бүгінгі күнде жергілікті сымсыз жүйелер, желілі жүйелерге бәсеке емес, керісінше толықтырма болып пайдалануда. Бірақта жергілікті сымсыз жүйелерге көзқарас әр уақытта осындай болған жоқ, токсаныншы жылдардың ортасында барлық жергілікті сымды жүйелер сымсыз жүйелерге алмасады деген, пікір әйгілі болды.
Жергілікті сымсыз желілердің артықшылығы айқын, яғни олар оңай және арзан қолданылып сонымен қатар модификацияланады, сондықтан көлемі үлкен сымды инфро жүйе кей кезде қажетсіз. Тағы бір артықшылығы пайдаланушыларға мобильдікті қамтамасыз етеді. Бірақ сымсыз жүйелердің артықшылығымен қатар кемшіліктері де толы, оның себебі тұрақсыздық. [3]
Көп жағдайларда сымсыз жүйелерде, сымды жүйелерді пайдалану қиын немесе пайдалануы мүлдем жарамсыз кезде іске асырылады. Сымсыз жергілікті жүйелердің негізгі пайдалану облыстары төменде келтіріледі.
Көп пәтерлі үйлерде тұратын пайдаланушыларда сымды жүйе болмағандықтан байланыс операторлары резиденттік қол жеткізуді сымсыз желі арқылы іске асырады.
Аэропорт, теміржол т.б. көшпелі деп саналатын қол жеткізу.
Тарихи маңызды ғимараттарды қазіргі кезеңдегі сымды жүйелерді пайдалана алмағандықтан, жергілікті желілерді уақытша ұйымдастыру, мысалы, конференция жасағанда, әр түрлі көрмелерде және т.б.
Жергілікті желілерді кеңейткенде, цехтар, лабораториялар қаланың шетінде орналасқандықтан, оларға сымды желіні тарту өту қиын және қымбат болады.
Егер пайдаланушы желі қызметін орын ауыстырып пайдаланса, яғни бөлмеден бөлмеге немесе бір ғимараттан екінші ғимаратқа онда жергілікті сымсыз жүйесін еш нәрсе алмастыра алмайды.
Сымсыз байланыс желісінің үш түрі (сурет. 1.1): WWAN (Wireless Wide Area Network), WLAN (Wireless Local Area Network) және WPAN (Wireless Personal Area Network)

Персоналды, жергілікті және ауқымды сымсыз байланыс желісінің радиустары
WLAN және WPAN желісін, және де кең жолақты сымсыз байланыс желісін (BWA - BroadbandWirelessAccess) құрғанда бірдей технология қолданылады. Олардың айырмашылығы (сурет. 1.2) – диапазон жұмысы мен радиоинтерфейс мінездемесінде. WLAN и WPAN желісі лицензиясы жок 2,4 және 5 ГГц диапозонда жұмыс істейді т.с.с., ал олардың сергітуі осы диапозонда жұмыс жасайтын басқа радиожелілермен қоса жоспарды қажет етпейді. BWA желісі (BroadbandWirelessAccess) лицензиалы және лицензиясы жоқ диапозонда жұмыс істейді (2 ден бастап 66 ГГц ге дейін).



Сымсыз байланыс технологиясының классификациясы
Сымсыз байланыс локальді желінің негізгі міндеті (WLAN) – ғимарат ішіндегі ақпарат ресурстарына қол жетімділік. Пайдалану сферасында екінші мағынасы – бұл қоғамдық байланыс нүктелерін (hotspots) көрнекті жерлерде ұйымдастыру – қонақ үйлерде, әуежайда, кафеде, және аталмыш мерекелерде уақытша желіні ұйымдастыру.
Өз-өздерін қорғап, яғни, алдын ала анықталмаған қол жетімділікті және сымсыз сегмент желісіне қарсы әрекет жасамауды қамтамасыз етеді.

Сымсыз байланыс желісі


Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – Ғаламтор. Адамзаттың интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз.
Осы мәселені жан - жақты зерттеу үшін, сауалнама, сұрақ - жауап, теориялық сараптама, математикалық және статистикалық әдістерін қолдандым.
Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.
Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Интернеттің дамығаны соншалық, қалтаңызда ұялы телефон немесе қалталы компьютер болса, желіге еш қиындықсыз еніп, ғаламторды шарлай бересіз. Теледидар, радио мен газет парақтарының орнын біртіндеп интернет желісі басып келеді.
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-та біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әртүрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады
1989 жылы ARPANet жобасы тәмамдалады. 90-жылдардың басында дүниежүзіндегі ірі-ірі корпорациялар интернеттің көмегімен электронды пошта арқылы ақпаратты тарату мүмкіндігін көптеп пайдалана бастайды.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Сонымен қатар бүкiләлемдiк желiнi пайдалануа Wi - Fi желісі ақпарат жеткізуде көп пайда кiргiзіп, кең таралуда. Осы технологияның арқасында ғаламторға жылдам кіріп қолдануға болады. Wi – Fi-дың ерекшелігі бір-бірімен сымсыз байланыса отырып, оқу орындарында мобильді құрылғылары және планшет, ноутбук бар, білім алушылардың барлығы қолданады. Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.
1991 жылы Wi - Fi - ды В. Хейздер Нидерландыда ойлап тапты. Бұл сауда - саттық салаларын қамту үшін әзірленген. Wi - Fi өзінің жылдам таралуының арқасында әуежайларға, кеңселерге, мемлекеттік орындарға, кафе - барға және қонақ үйлерге тез енді. Бұл құрылғы төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке толқынды шығарады.

Wi - Fi ағылшынның Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк, сандық деректерді беру форматы болып табылады. Өзге тілде айтқанда - бұл қарапайым және сымдар, розеткалар, қалалық телефондар және осыған ұқсас ескірген құрылғыларды қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi байланысымен жабдықталған басқа құрылғылар) бүкіләлемдік ғаламтор желісіне қол жетімді әдіспен байланыс орнату болып табылады.
Ал Wi - Fi аймағында қалай жұмыс істеуге болады? Wi - Fi - шағын қашықтықтарға арналған және жылдамдығы жоғары технология. Wi - Fi желісі қосылу нүктелерінен құралады. Әрбір анықталған орында «кіру нүктесі» (Access Point) орнатып нүктенің төңірегінде, 50 - 100 метрдей радиуста хот - спот немесе Wi - Fi аумағы деп аталатын аумақтар құрылады. Ғаламторға кіру үшін осы нүктелердің радиусына кірсеңіз болды, ғаламтор баптаулары автоматты түрде жасалған. Бірақ та, Wi - Fi нүктелері құпиясөзбен қорғалған болса, интернетке шығу үшін Сіз ол құпиясөзді білуіңіз керек.
Wi - Fi белгісін сымсыз желілер қойылған орындарында табуға болады. Бұл барлық дамыған мемлекеттерде қабылданған бүкіләлемдік стандарт. Қазіргі уақытта көптеген ноутбуктар қалта компьютерлері, смартфондар, коммуникаторлар және басқа да шығарылып жатқан портативті құрылғылар Wi – Fi-мен қамтылған. Атап айтатын болсақ барлық үйде, оқу орындары мен дәмханаларда, қонақ үйлер мен саябақтарда, вокзалдар мен әуежайларда Wi - Fi аумақтары жұмыс істейді. Заманымыздың ағымына ілескен әрбір азаматқа мобильді девайс және ғаламтор арқылы әңгімелесетін досы болса, жетіп жатыр.
Егер сіздің электронды досыңызда осындай тиімді функция болса, әлдеқайда ыңғайлы. Егер ноутбукта Intel® CentrinoTM логотипі болса немесе құрылғының техникалық жазбаларында IEEE 802. 11, стандартын көтере алады делінген болса, онда бұл компьютерде тұрақты Wi - Fi бар және қосымша құрылғылар қажет емес деген сөз.
Ал, ноутбуктар арасындағы байланыс автоматты түрде орнатылған болса, онда көптеген ноутбуктардың мониторының оң жақ төменгі бұрышында белгісі немесе корпусында индикатор жанады. Ары қарай тегін кіру үшін жәй ғана браузерді жүктеп мекен - жай жолына керекті сайтты терсек жеткілікті. Ал ақылы кіру кезінде желілер тізімдерінің ішінен қажеттісін таңдап қосылу керек. Содан кейін ғаламтор браузерді ашып желінің кез - келген мекен - жайын теру арқылы сымсыз жұмыс істей беруге болады.
Wi - Fi құрылғылар арасында әртүрлі кедергілер (қабырғалар, төбелер, жиһаз, есіктер және т. б., метал) ол радиосигналды өткізбеуі мүмкін. Сол кедергілер сигналдың әлсіреуіне жартылай немесе толық жоғалуына әкеледі.
Биік ғимараттары бар қалаларда радио сигналдарға басты кедергі болатын ғимараттар. Негізгі қабырғалар (темір бетон) беттік металдар, қабырғадағы сылақ, темір каркастар және т. б. Wi - Fi - құрылғыларының жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Ғимараттың ішінде радио сигналға кедергі болатын айналар және қараңғыланып қапталған терезелер болуы мүмкін.
Төмендегі (1 - кестеде) Wi - Fi сигналының кейбір кедергілерден өткенде тиімділігінің төмендеуі көрсетілген.
(1 - кесте) (dB) – децибел

Кедергі

Қосымша залал (dB)

Тиімді қашықтық

Ашық аймақ

0

100%

Қараңғыланбаған терезе

3

70%

Қараңғыланңан терезе

5 - 8

50%

Ағаш қабырға

10

30%

Ішкі қабырғалар (15, 2 см)

15 - 20

15%

Негізгі қабырға (30, 5 см)

20 - 25

10%

Бетон еден / төбе

15 - 25

10 - 15%

Темір бетонды монолит

20 - 25

10%

Тиімді қашықтық – ашық кеңістікте салыстырғанда тиісті кедергі өткеннен кейін қалай төмендетілген ауқымын көрсетеді. Мысалы, ашық кеңістікте Wi - Fi – дың толқыны 400 метрге дейін болса ішкі қабырғаның біреуінен өткеннен кейін ол 400 м * 15% = 60 метр қысқарады. Екінші ішкі қабырғадан өткеннен кейін ол тағы да, 60 м * 15% = 9 метр қысқарады. Ал үшінші ішкі қабырғадан өткеннен кейін 9 м * 15% = 1, 35 метр яғни, үш ішкі қабырғадан сымсыз байланыс орнату мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет