Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты


Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер



бет5/6
Дата02.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#71298
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
doc1543855682

2. 4 Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер

Қазіргі заманда тұрмыстық техниканың барлығы электромагниттік өріс құрайды. Электромагниттік өрістер көзге көрінбейді, бірақ олар айналамызда яғни, үйде, көшеде, транспортпен тасымалдауда. Соңғы екі онжылдықта технологиямыз үздіксіз электромагниттік өріс түзетіндігіне қарамастан дамып келеді. Ал біз тегіс электромагниттік өрісте өмір сүрудеміз.


Wi - Fi ды түгелдей қауіпсіз деп айтуға болмайды. Бірақ Wi - Fi сәулесі біз күн сайын пайдаланатын басқа тұрмыстық құрылғылардан әлдеқайда аз деп айтуға болады. Электромагниттік өрістердің әсерін азайту үшін, төмендегі ережелерді ұстану керек:
• қосылып тұрған микротолқынды пештен алыс тұрыңыз. Wi - Fi модемнің қасында ұйықтамаңыз;
• Wi - Fi сигналын қабылдайтын құрылғыны тізеде емес үстелдің үстінде ұстаңыз;
• Wi - Fi модемін ұйықтайтын жерден немесе көп отыратын жерден алыс ұстаңыз;
• Егер ғаламтормен жұмыс істемесеңізWi - Fi модемін өшіріп қойыңыз;
• Ұялы телефонмен сөйлесу уақытын барынша азайтыңыз;
• Үйде болған кезде үй телефонын қолданыңыз;
• Wi - Fi зияндығы толық зерттелмегендіктен Wi - Fi модемінің жанынан кішкене баланы барынша алыс ұстаңыз.
Менің зерттеуімді тәжірибелік қолдану. Ережелер жазылған ақпараттық бет, осы ережелерді сақтай отырып электромагниттік өрістердің адамға әсерін азайтуға болады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл ғылыми - зерттеу жұмысымда бүгінгі күні алынған деректердің нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Оқу орындарын сымсыз ғаламтор аймағынан алыстатпайық. Өкінішке орай, білім алушылар бұл мүмкіндікті тек қана білім алу үшін қолданады деп айтуға болмайды. Жас ұрпақтың денсаулығын күте білген де дұрыс, сымсыз ғаламтормен байланыстың кемшілігі де жетерлік екен. Қазіргі таңда Қазақстанның түпкір - түпкірінде автобустардың бірінші екі аялдамасы ғаламтор желісіне сымсыз қосылу орындарымен жабдықталған. Wi - Fi қызметтері барлығына қол жетімді және тегін көрсетіледі.


Тегін интернетті смартфон, планшетті компьютер, ноутбук иелері пайдалана алады. Сымсыз ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін аралық 20 - 25 метрді құрайды.
Енді көлік күткен қала тұрғындары файлдарды жүктеп, жаңалықтарды оқып, пошталарын қарап, әлеуметтік желілерде байланысқа шыға алады. Аялдамаларда видеокамералар орнатылған. Олар жақсы жарықтандырылған, деп мақтағанша, табиғаттың тылсым күшінен сақтанайық!
Бірақ, Еліміздің денсаулығын ойлайық. Болашақта мықты ұрпақ қалдыру үшін, ғасырлар бойы елім, жерім деп, өскелең ұрпаққа қанын төккен ата - бабаларымыздың рухтарын сыйлап, таза табиғатты бағалайық. Табиғатты, адамдарды электромагниттік толқындардың сәулелеріне салып шетелдің өзі құрып, өзі қолданбай жатқан Wi - Fi атты сымсыз қаруының құрбаны болғанша, Елімнің сұлтаны боп ұрпақ тәрбиелейік.
Ұсыныс
Электромагниттік өрістердің әсерін азайту үшін, төмендегі ережелерді ұстану қажет:
• Қосылып тұрған микротолқынды пештен алыс тұрыңыз. Wi - Fi модемнің қасында ұйықтамаңыз;
• Wi - Fi сигналын қабылдайтын құрылғыны тізеде емес үстелдің үстінде ұстаңыз;
• Wi - Fi сымды ғаламторды пайдалану Wi - Fi қарағанда зияны аз.
• Wi - Fi модемін ұйықтайтын жерден немесе көп отыратын жерден алыс ұстаңыз;
• Егер ғаламтормен жұмыс істемесеңіз Wi - Fi модемін өшіріп қойыңыз;
• Ұялы телефонмен сөйлесу уақытын барынша азайтыңыз;
• Үйде болған кезде үй телефонын қолданыңыз;
• Wi - Fi зияндығы толық зерттелмегендіктен Wi - Fi модемінің жанынан кішкене баланы барынша алыс ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерлік желілер. Тораптары, технологииясы, протоколы. Оқулық. – Санкт-Петербург, Питер, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет