«жаратылыстан» институты



бет2/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Пәннің міндеттері:
«Информатиканы оқыту әдiстемесi» курсын оқу барысында болашақ информатик мектептегi «Информатика» пәнiнiң жастарға жалпы бiлiм берудегi маңызын, оның болашақ кәсiби түрде дайындаудағы орнын терең түсiнуi, мектеп информатика курсының мазмұнын iрiктеу принциптерiн түсiндiре алуы, бұл пәннiң бiлiм берудi компьютерлендiрудiң жалпы проблемаларын шешудегi алатын орнын ұғынуы қажет. Информатика мұғалiмi мектептегi дербес оқу ЭЕМ-дерiнiң жергiлiктi желiсiмен жабдықталған информатика кабинетiн пайдалану мақсаты мен оны ұйымдастыру принциптерiн бiлуi, мектеп информатикасы оқулықтарын, осы пәндi қолданбалы программалық қамтамасыз етудi терең оқып зерттеп, мектептегi компьютерлiк сынып жағдайларында жұмыс iстеу әдiстерiн меңгеруi тиiс.
Информатиканы оқыту әдiстемесi курсы болашақ мұғалiмдердi информатиканы оқыту проблемаларын шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауға баулуы, жаңа техника негiзiнде оларды оқыту үдерісiн өзiнше талдай бiлу икемдiлігі мен дағдыларын қалыптастыруы, мектепте оқытуды қазiргi оқу-әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету құралдарын өзiнше құрастырудың негiздерiн үйретуi керек.
2. Пәннің қысқаша мазмұны: Білім берудегі «білім», «оқыту», «әдістеме» ұғымдары. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні педагогикалық ғылым ретінде. ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы. Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері. Мектепте информатиканы оқыту мақсаты мен міндеті. Мектепте информатиканың педегогикалық (жалпы білім беретін) қызметі.Мектеп информатика курсының мазмұны мен құрылымы. Бастауыш орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау. Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау. Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау. Информатиканы оқыту әдістері мен формалары. Сыни тұрғыдан ойлау туралы жалпы түсінік. Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау. Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі. Оқыту нәтижелерін бағалау, тексеру және оны ұйымдастыру. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Мектепте информатиканы оқытудың қосымша түрлері (факультатив сабақтар, үйірмелер, т.б.). Мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұны. Мектептің жоғары басқышында информатиканы саралап оқыту. Даралап және саралап оқыту әдістері. Информатикадағы теория мен практика. Кері байланыс орнату тәсілдері. Проблемалап оқыту және интербелсенді әдістер. Проблемалап оқыту әдiсiнің жалпы құрылымы. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары. Информатика кабинетін жабдықтау және информатика кабинетіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет