Байланысты: Жаратылыстану ба ытында ы білімні адамны к птеген іс- рекет т
Платон үш нәрсені ажыратады, олар:
1) мәңгі жасайтын нәрсе, тумаған және жасалмаған нәрсе;
2) әрқашан да жасайтын нәрсе (жасалған, бірақ өлетіні расталмаған нәрсе);
3) уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін) нәрсе.
Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, ішінара одан алыстап, өзінің “Физикасында” уақыт ұғымына кең талдау жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенімен, Аристотель уақытты мәңгілікке жатқызбайды. Алайда Платон сияқты Аристотель де уақытты ғарыштың санымен және тіршілігімен, жалпы физ. қозғалыспен, ал уақыт өлшемін аспан күмбезінің қозғалысымен байланыстырады. “Уақыт дегеніміз – әлдебір қозғалыс пен өзгеріс”, – дейді ол. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, ал уақыт қозғалыспен өлшенеді.
Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский математикадағы кеңістік пен ақырғы нақты физикалық кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Аквинскийдің пайымдауынша, ұзақтықтың пішіні уақыттан өзгеше түрде шексіз, алайда мәңгіліктен өзгеше түрде ол бөлінбейтін бірлік емес, әрқашан да ұзаққа созылады. Аквинский ойын жалғастырған Ф.Суарес (1548 – 1617) ішкі уақыт (ішкі ұзақтық) идеясын өрбітіп, оғаш тұжырымға келеді. Ол ішкі уақытты сыртқы уақыттан бөліп алады. Орта ғасырларда адамзат субъектілігінің жемісі ретінде түсіндірілген уақыттың салыстырмалылық сипаты жаңа дәуір философиясында одан әрі дамытылды.
Спиноза деңгейі (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқы мен ойлау. Спиноза схоластиктер секілді бар болуды екі түрге бөледі: “Мәңгілік – Құдайдың мәңгі өмір сүруіне көзімізді жеткізетін қасиет-белгі, керісінше, ұзақтық – жаратылған заттардың өмір сүретініне көзімімізді жеткізетін қасиет-белгі”. Алайда ұзақтық уақытқа ұқсамайды, ол заттардың өзінің қасиет-белгісі, уақыт “заттың күйі емес, ойлаудың модусы ғана, яғни ойдағы болмыс қана”.
Декарттың пайымдауынша, ұзақтық заттың бар болуымен үйлеседі және субстанция белгісі, уақыт тек біздің ойлауымызда ғана берілген. Уақыт – қозғалыстың саны: заттың ұзақтығын анықтайтын жалпы өлшем болуы үшін біз тең өлшемді қозғалыстың, яғни аспан денелері қозғалысының ұзақтығын пайдаланамыз. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады. Декарттың түсінуінше, Құдай мен адамзаттың ақыл-ойы шексіздік пен шектілік сипатындағы рухани субстанция, ал күллі физ. нақты нәрсені Декарт қозғалыс арқылы жекелеген бөлшектерге бөлінетін біртекті қашықтыққа жатқызады. Декарт физ. заттардың кеңістігінен өзгеше басқа кеңістік бар деп мойындамады, сондықтан геом. нысандар нақ сол кеңістіктің өзінде орналасқан заттар ретінде қаралуға тиіс деп білді. Геом. кеңістікті физ. кеңістікке ұқсастыру Декарттың Галилейден кейін физ. денені математиканың заты деп қарауына, дене субстанциясы туралы матем. ғылымды, яғни механиканы жасауына мүмкіндік берді.Ньютонның абс. және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”. С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абс. уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абс. қозғалысты да мойындамайды: “Мен ... кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”.Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мыс., Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физ. дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін оны сынға алды.Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді. Ол кеңістік ұғымы тек физ. нысандардың қатар орналасуын ғана көрсетеді, шын құбылыстар мен заттардың да, ықтимал құбылыстар мен заттардың да қатынасы, өмір сүру реті ғана бар деп пайымдайды.Жаңа дәуірде кеңістік физ. денелермен байланысқан объективті нәрсе ғана емес, сонымен бірге сананың немесе қабылдаудың жемісі ретіндегі субъективті нәрсе деп те қаралды. Соңғы түсінікті Т.Гоббс (1588 – 1679) ұстанды, оның пікірінше, кеңістік шын заттың қиялдағы бейнесі ғана. Джон Локк (1632 – 1704) те осы пікірде болды, оның ойынша, кеңістік субъективтік түсінік, заттарды сезімдік қабылдау арқылы алуға болады. Гоббс уақыт идеясын қозғалыс үстіндегі дененің бейнесінен шығарады, бұл бейне қабылдаушы санада қалады, бірақ ол дененің мәніне қатысты емес: “Уақыт заттардың өзінде емес, тек ойлауда ғана өмір сүреді”.18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психол. (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді.Кант кеңістікті сезімділіктің ашық априорлық пішіні, яғни тәжірибеге дейінгі және тәжірибеге тәуелді емес, бірақ барлық тәжірибеге қажетті қатысушы пішін деп түсіндірді. Француз ғалымы А.Пуанкаренің (1854 – 1912) пайымдауынша, Евклид кеңістігінде мынадай қасиеттер бар: ол үздіксіз, шексіз, үш өлшемді, бір текті және изотропты (кеңістіктің қасиеттері бағытқа тәуелді емес).Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихте жаңаша түсіндіреді. Уақыттың иесі Фихтеде субстанция емес. Канттан өзгеше түрде Фихте өзіндік зат ұғымын алып тастап, Меннен бүкіл жаратылыстың пішінін ғана емес, мазмұнын да шығарады. Ол болмысты қатынастарға телиді. Уақыт “жанның ұзақтығы”, ал қиял оның теориялық түсінігінің негізін құрайды; ұқсастық заңының – логика мен онтологияның негізгі заңының орнына Фихте қарама-қарсылықтардың күресі заңын қояды. Қатынас субстанцияның орнына қойылған кезде, уақыт жанның мәні болып шығады.19 ғ-дағы философия мен ғылымда даму, эволюция өзекті ұғымдарға айналды. Адамзат тарихы табиғи-тарихи процестің аяқталу кезеңі деп пайымдалды. Жанды нәрсенің даму пішіні ретінде ұғынылған уақыт мәңгілікке жатқызылмайды, жаңаның үздіксіз туындауына, яғни келешекке жатқызылады. Кеңістік категориясына қарағанда, уақыт табиғи процестермен ғана емес, тарихи процестермен де тығыз байланысты.Уақыттың ағыны өткеннен келешекке қарай да, келешектен өткенге қарай да жылжиды, уақыт тіпті айналмалы, бұрандалы қозғалыс та жасауы мүмкін. Өйткені ол қозғалыстың объективті сипаттамасы, оның сипаты қозғалыстың табиғатына байланысты. Оның себебі: келешекке біздің бүгінгі болмысымыз ғана өтпейді, оған өткен болмысымыз да өтеді. Сонымен бірге келешек болмыс та бүгінгі арқылы өткен болмысымызға ауыса алады. Бүгін әрқашан да өткеннің бүгіні әрі келешектің де бүгіні, ол өткен мен келешекті ажыратып қана қоймайды, сонымен бірге екеуін сабақтастырып та тұрады. Бүгінгіміз өткеннен шыққан. Өткен жоқ болса, бүгінгі де жоқ, ертең де болмайды. Онда жалпы уақыт та жоқ. Уақыт жоқ болса, қозғалыс та жоқ, өмір де жоқ. Ал адамның психикасы, жан дүниесі, санасы үшін мұның өзі оның жады жоқ деген сөз. Яғни ол өзінің кім екенін, басқалардың, қоршаған дүниенің ол үшін кім, не екенін және өзінің олар үшін кім немесе не екенін білмейді, сезбейді. Демек, ол адамдық қасиеттен мақрұм. Бұл өткеннің, болғанның бізде, болмыста ешбір ізі қалмағаны деген сөз. Онда болғанды еске түсіру, оны ой-сезім арқылы болса да қайта бастан кешіру болмайды. Яғни психиканың, ойлаудың, “меннің” тұтастығы жоғалады Мысалы, психикалық жан ауруына ұшырағандарда бір-бірімен байланыссыз үзік-үзік психикалық процестер ғана қалады. Қазақта мұндайларды мәңгүрт деп атайды.[[Ш.Айтматтың романындағы өз анасын танымай өлтірген мәңгүрт ұл ең алдымен жадынан айрылған. Өз жадында уақыттан айрылу санадан айрылумен бара-бар. Сондықтан уақыт кері бұрылмайды деу, ол тек бір бағытта деп түсіну қозғалыстың тек сыртқы пішінін ғана аңдаудан шығады. Кеңістіктің уақытқа ауысуы немесе уақыттың кеңістік міндетін атқаруы әлеум. үдерістерде, адамның өмірінде неғұрлым айқын көрінеді. Тарихта әр түрлі дәуірде әр түрлі өркениетте тарихи уақыттың бүкіл ішкі құрылымы өзгеріп жатады.Мысалы, ежелгі қауымдық құрылыс пен жаңа дәуірді осы тұрғыдан салыстырып көрелік. Қауымдық құрылысты көбіне дәстүрлі қоғам дейді. Өйткені ол дәуірде адам өмірі түгелімен дерлік дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен реттеледі. Дәстүрлер өмірдегі әрбір жағдайда, әр істі адамдардың қалай ұйымдастыруын, не атқаратынын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп белгілеп қоюға тырысады. Қауымдық өмірдің осы ерекшелігінің негізінде адамдардың қандай негізгі құндылыққа ұмтылатындығы жатыр. Ол рулық-тайпалық қауымдасу, яғни қауымдасудың негізінде ата-аналардан тараған адамдардың бірлігі жатыр. Бұл олардың тіршілік етуінің негізгі жолы. Яғни олар үшін бұл түпкілікті құндылық. Рулық қоғамның адамы бүкіл әлемнің құрылу қағидатын да туыстық бірліктен көредіКеңістікті тек заттық, табиғи құбылыстарға ғана тән деп қабылдау адамдардың күнделікті үйреншікті сезімдерінде, ойлау машығына берік бекінген. Егер біз бір нәрсенің тұрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, шексіздігін, оңын, солын, алдын, артын, т.б. тікелей өлшей алмасақ, онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты болып көрінеді.Адамдардың әлеум., тех., рухани, т.б өмірі, оның түрлері болмыстың кеңістіксіз салалары болып шығатын тәрізді. Оларды метрлеп, километрлеп өлшей алмайсың. Сонымен қатар адамдар күнделікті ойлауында өзара қатынастарын, қоғамдасудың түрлерін, олардың ішкі құрылымын, т.б. жақтарын кеңістік түрлерінде қабылдайды, түйсінеді, сипаттайды. Бұлар соның үстіне адамгершіліктің сипаттамалары іспетті. Біз іс-әрекетті, қарым-қатынасты, тіпті ақыл-парасатты, ой-сананы, сезім-түйсікті биік-төмен, алыс-жақын, терең-таяз, т.б. деп, яғни физ. құбылыстардың қасиеттерін ондай қасиеттері жоқ қоғамдық қатынастарға көрнекі бейнелік қуат беру үшін ұқсастыра аламыз. Демек, кеңістіктік қатынастар әлеум. өмірге, рухани әлемге де тән.Әлеуметтік кеңістіктің де, рухани кеңістіктің де өзіндік үлкен өзгешелігі бар. Әлеум. жүйенің де шеті, шегі мен орталығы, төм. және жоғ. жақтары, биігі мен ені бар. Оларда да шеңберлік немесе пирамидалық құрылымдар кездеседі. Мыс., қатаң бір орталыққа бағынатын басқару жүйесін пирамидалық деп атайды. Ол әншейін көрнекі бейне емес, ол әлеум. пирамида, оның басқару орталығы жоғары ұшында. Бұл, көбінесе, тоталитарлық жүйелерге тән. Сондықтан да қарапайым бұқара арасында тараған “Құдай биікте, патша алыста” деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша геогр. алыстықта емес, әлеум. алыстықта. Геогр. жағынан тіпті жақын тұрған патшаға қарапайым адамның жетуі қиынның қиыны, бәлкім, одан гөрі жұмыр жерді он айналып шығу оңайырақ болар.Адамдар қоғамындағы дүниеге дәстүрлі көзқарасын, сол қоғамның әлеум. жүйесін, т.б. алып қарағанда, олардың негізінде жатқан құндылықтардың белгілі бір кеңістіктік қатынастарды туғызғанын көруге болады.Түркі халықтарының байырғы тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалға алып қарасақ, олардың “Тәңірі – Ұмай” жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі (Көк) – әке де, Ұмай (жер) – ана секілді деуге болады. Түркілер солардың ұрпағы. Аспан дүниесі, ондағы денелер, әсіресе, Күн түркілердің айрықша қастерлеп, табынатын киелі нысандары. Аспан (тәңірі), әсіресе, Күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат, одан құнды ешнәрсе жоқ. Күннен кейінгі табынатын нәрсе – Ұмай (Жер-ана). Ал жер асты, оның қойнауы – өлілер дүниесі, адамдарға жат, қорқынышты, көбінесе, жамандық әкелетін жақ.Ежелгі түркілер үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни Күннің туатын жағына немесе Күннің ең қуатты жағы – оңтүстікке қаратқан. Түркілерде алдыңғы, артқы, оң, сол жақ олардың шығысқа қатынасына байланысты. Барлық уақытта алдыңғы жақ – шығыс жақ. Яғни адамдардың әлеум. ой-санасында кеңістіктің құрылымы, ұйымдасуы олардың ең түпкі құндылықтарына бағынады. Демек, әлеум. кеңістіктің де өз тұңғиығы, өзінің бет жағы, биігі мен төмені, өзіндік ауқымы бар. Сондай-ақ, рухани кеңістік, мәдени ауқым, саяси кеңістік деген ұғымдар да өмірде бар, шын нәрселердің көрінісі.Дәстүрлі қоғам талабы бойынша, әрбір ұрпақ аталардың орнатқан тәртіптерін, жол-жосындарын қасиет тұтып, әрдайым еске алып, соны өз өмірінің темірқазығы ету керек. Оларды бұлжытпай қайталап, іске асырып отырады. Мұндай қоғам жаңа нәрсеге ұмтылмайды. Келешек олар үшін өмірді өзгертуге, жаңа қатынастарды енгізуге әкелмеу керек, келешек – бұрынғыға үнемі қайтып оралу, соған күш салу. Өткен дәуір, яғни аталар дәуірі – алтын ғасыр, ол өмірдің айнымас эталоны, үлгісі. Жетілгендіктің, жақсылықтың бәрі де өткенде қалды, сондықтан адамдар әрбір ісін, ойын өткеннің таразысымен өлшеп, соның көзімен қарап, өзін сонымен бірлікке жеткізуге тырысуы тиіс.Әрине, адамдардың күнкөріс әрекеттері, халықтың өсіп-өнуі, т.б. өзгеріс туғызбай қоймайды, бұрынғы қатынастарды ыдыратып, әлсіретеді, жаңа қатынастар келіп жатады. Бірақ олардың түпкі ұмтылыстары бұрынғыдай, яғни уақыттың жүрісі айналмалы. Онда өткен де, бүгін де, келешек те бар, бірақ уақыттың негізгі ағыны үнемі өткенге қайтып оралу. Мұнда бүгіннің өзі – өткеннің бүгіні, ал келешек немесе ертең – кешегіге неғұрлым жақындау. Бір сөзбен айтқанда, бұл қауымдық адамның әлеум.-рухани кеңістігі, себебі адамдардың дамуы үшін уақыт кеңістік рөлін атқарады, адам уақыт шеңберінде дамиды.17 – 18 ғ-ларда басталған жаңа дәуірдің уақыт ағыны соншалықты басқаша болғандығы себепті қауымдық өркениетті зерттеген осы жаңа заманның көптеген ойшылдары оның ішкі логикасын әуелде түсіне алмаған.Уақыттың ақылға сиымсыз көрінетін қайшылықтарын кейбір ойшылдар түсінуге соншалықты қиын метафизикалық жұмбақ деп есептеген. Қауымдық дәуірдің ішкі серпіні, негізгі құндылығы өткенде болса, жаңа дәуірде ол құндылық келешектен көрінеді. Бұл дәуірдің адамдары үнемі дерлік алға ұмтылуды ертеңге ұмтылу деп біледі. Дәлірек айтқанда, олар ертең деп кешегіні немесе бүгінгіні сақтап, нығайта түсуді емес, орныққан қалыптан оның өзгерген қалпына қарай ұмтылуды түсінеді. Бұл, көбінесе, адамдардың санасында толық айқындалған, олардың өздерінің алдына анық қойған мақсатынан гөрі, өздері де біле бермейтін, кейде тіпті сезіне де бермейтін ұмтылыстары. Бұл ұмтылыстар көп жағдайда бейсаналық қалыпта.Әлеум. серпінде алға шыққан бірінші бағыт – даму. Қоғамдық санада ол үдеріс (прогресс) деп аталады. Әрине қоғамда бұған қарама-қарсы бағыт та бар, бірақ үдеріс басты бағыт. Осыған орай уақыт ағыны өзгеріп отырады. Ол енді өткеннен бүгін арқылы келешекке (ертеңге) жылжиды. Керісінше ағын да бар, бірақ ол осы негізгі бағыттың тасасында қалады. Адамдар өткенді, бүгінді тек өткінші кезең, ертеңге өтудің дайындығы, соған апаратын тепкішектердің бірі деп қарайды. Егер бұрын, қауымдық өмірде бүгін мен ертеңнің мәнділігі олардың өткенге қатысынан анықталған болса, енді, керісінше, өткеннің, кешегінің және бүгінгінің мәні олардың келешекке, ертеңге қатыстылығына байланысты.Уақыттың ағыны оның негізгі бағыты жағынан қарағанда бір түзудің бойымен тартылған, оралмайтын әрі қайталанбайтын қозғалыстай. Уақыт оралмайды дейтін түсінік осындай әлеум. қозғалыстың нәтижесі. Осындай ұмтылыстың ағынындағы адамдар үшін кешегі мен бүгінгінің бағасы әлдеқайда кемиді. Әрине, келешектің бейнесі адамдар үшін әр түрлі бола береді. Біреулер үшін ол – баю, екінші біреулер үшін – билік, үшінші біреулерге келешек қоғамдық құрылыс, т.б. Бүгінгі қанағаттандырмайды. Бай – байи түсуді, биліктегі билігін арттыруды аңсайды. Болашақ адамға алаңсыз жат нәрсеге айналғанда, ол бар нәрселердің бәрін де, ең алдымен, адамның өзін де құрбандыққа келтіретін аждаїа сынды сипат алады. Мұндағы ақылға сиымсыз нәрсе – қол жеткен нәрсенің ешқайсысы, кеше ғана армандай болған жетістік, деңгей, т.б. енді адамды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол келешек болудан қалады. Ол енді бүгінге айналды. Ал шын құндылық, бірден-бір бағалы нәрсе – келешек. Сондықтан бүгінгіге айналған келешек өзінің мәнінен де, бағасынан да айрылады. Оның ақылға сиымсыздығы (парадокс) – келешектің айқын бет-бейнесі жоқ абстракцияға айналғандығы.Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғ-дың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеум. өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды.Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені филос. тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы.[2]