Байланысты: Жаратылыстану ба ытында ы білімні адамны к птеген іс- рекет т
Саяси кеңістік – тарихи жағдайларға байланысты дүниеге келген саяси жүйе таралатын немесе оның саяси ықпалы жүзеге асырылатын аумақ. Саяси кеңістік үш функцияны:
1) саяси өмірдің алғышарттарын;
2) мемлекеттердің саяси қызметінің (геосаясат) мақсаттарын;
3) саяси өмірдің алуан түрлі пішіндерінің тіршілік етуі мен дамуының экол. ортасын жүзеге асырады.
Алғышарт ретінде ол саяси жүйенің аумақтық мөлшерін және шекарасын айқындайды, экологиялық-геогр. жағдайлардың саяси өмірді ұйымдастыруға, оның атқарушы билік тарапынан басқарылу дәрежесіне, орталықтың жергілікті жерлердегі билікпен байланысу дәрежесіне ықпалын сипаттайды. Мыс., Еуропамемлекеттері шекарасының кеңістіктік ашықтығы Батыс Еуропадағы демократия жеңісі алғышарттарының бірі болды. Экологиялық орта ретінде саяси кеңістік саяси жүйенің нышандары арасындағы байланыстарды, осы байланыстардың сипатын ой елегінен өткізуге, мыс., отарлық иеленуді немесе ықпал ету аймағын қоса, көбінесе, ұлттық мемлекет шеңберінен шығатын мемл. басқару аумағы мен шекарасын тиянақтауға мүмкіндік береді. Саясат тілінде саяси кеңістіктің символикалық және метафоралық мәні бар. Мәселен, “қырғиқабақ соғыс” жылдарында “Батыс” сөзінің жай ғана геогр. мағынасы болып қойған жоқ, ол ең алдымен әскери-саяси бірлесу деген мағынаны білдірді. Қазір “Батыс” деген сөз әлемдік достастықтың аймақтық шекарасын, демокр. басқару пішіні мен нарықтық экономика құрамдас бөлігі болып табылатын қоғамдық-саяси дамудың белгілі бір үлгісін сипаттайды. Бұл үлгінің құрамдас бөліктері түрлі қоғамдар мен мәдениеттерге таралып сіңісуде. Жаңа мыңжылдықтың қарсаңы мен басында әлемдік саяси кеңістік қалыптасып келеді, ол түрлі саяси жүйелердің жақындасуымен, дамудың ең таңдаулы үлгілерінің іріктелуімен, тайталастан шығу және халықар. саясатта келісу жолдарын іздестірумен сипатталады, ал бұл жаңа әлемдік қоғамдастықтың қалыптасуын айғақтайды.