Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы.
Мектепте жаратылыстану пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық;
1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы
білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде
үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі
болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына
енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-
сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан
алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.