Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы


В.Ф. Зуев әдіскер, әдістемелік ұсыныстары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі143,21 Kb.
#18891
1   2   3   4
Байланысты:
Срсп 2

В.Ф. Зуев әдіскер, әдістемелік ұсыныстары

 

В.Ф.Зуевтің  бұл  кітабы  «Жаратылыс  тарихының  бейнелері»  деп  аталады.  Ол  «Қазбалар  әлемі», 

«Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі 

жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты 

зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі 

мен  құрылысын  зерттеуге  арналса,  ал  үшінші  бөлімде  зоология  материалдары  кірістірілген. 

В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама,  әрі 

мұғалімнің  алғашқы  әдістемелік  құралы  болды.  Мұнда  автор  заттай  көрнекілікті  пайдалануды, 

мүмкін болмаған жағдайда ғана  суретін  қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және 

адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші 

әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.

 

XÌX  ғасырдың  басында  халыққа  білім  беру  саласында  маңызды  өзгерістер  болды. 



Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану 

жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы 

туралы  қысқаша  мәліметтер  беру  ұсынылды.  Мұндай  оқудың  мақсаты  табиғат  құбылыстары 

туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2 - класс пен 4 - 

класта оқытылды.

 

Пәнді  ойдағыдай  оқыту  үшін  мұғалімдерге  оқушыларды  табиғатқа  ғана  емес,  сондай-ақ 



фабрикалар  мен  зауыттарға  экскурсияға  шығару  ұсынылды.  Жарлық  бойынша  барлық 

гимназия  мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде 

коллекциялары  болу  тиіс  деп  талап  етілді.  Сонымен  бірге  жергілікті  материалды  пайдалануға 

айырықша көңіл бөлінді.

 

Уақыт  өте  келе  пән  мазмұны  өзгерді,  тіпті  1828  жылы  жалпы  білім  беретін  мектептерде 



жаратылыстану  оқу  пәні  ретінде  ширек  ғасыр  бойы  өткізілмей  қалды.  Бұл  декабристер 

көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.

 

Жаратылыстану мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша 



бастауыш  мектептің  1-  класында  пәнді  оқытуға  2  сағат  бөлінді.  Одан  кейінгі  сыныптарда 

сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет