Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы


К.Д. Ушинскийдің жаратылыстанудан жасаған әдістемесі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі143,21 Kb.
#18891
1   2   3   4
Байланысты:
Срсп 2

К.Д. Ушинскийдің жаратылыстанудан жасаған әдістемесі.

 

Ал  1864  жылғы  жаңа  мектеп  реформасының  жарлығына  сәйкес  реальдық  және  классикалық 

гимназиялардың  бағдарламасынан  пропедевтикалық  курсы  алынып  тасталды  да,  биологияны, 

географияны  және  физиканы  оқыту  пәндік  түрі  сақталды.  Осы  кезеңде  кіші  мектеп 

жасындағыларға  жаратылыстануды  оқыту  әдістемесін  дамытуға  ерекше  үлкен  үлес  қосқан 

Ушинский Константин Дмитриевич болды 




Ушинский  Константин  Дмитриевич  (1824-1870)  –  бастауыш  білім  беру  саласындағы  аса  ірі 

педагог-әдіскер.  Ол  кіші  мектеп  жасындағы  лардың  логикалық  ойы  мен  тілін  дамыту  үшін 

бастауыш мектептерде жаратылыстану және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол 

көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады. 

К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы 

керек  деп  атап  көрсетті.  «Жаратылыс  ғылымдары  түгелдей  адамның  ақыл  ойының  табиғат 

құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды. 

 

К.Д.Ушинскийдің  бастауыш  кластарда  жаратылыстануды  оқыту  жөніндегі  көзқарастары   «Ана 



тілі»,  «Балалар  әлемі»  деген  кітаптарында,  сонымен  бірге  мұғалімдерге  арналған  «Ана  тілі» 

кітабында және  «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда 

К.Д.Ушинскийдің  кітабы  үлкен  жетістікке  ие  және  ол  ерекше  педагогикалық  білгірлікпен 

жазылған  деп  бағаланаған  .  Кітап  көрнекілік  және оқушылардың өздігінен  ойлау  белсенділігін 

жүйелі  түрде  арттыру  негізінде  құрылған.  Кітаптың  өн  бойындағы  материалдар  жеңіл,  әрі 

қарапайымнан  күрделіге  қарай  орналастыру  принципі  сақталынған,  әрбір  жеке  тақырып 

материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.

 

К.Д.Ушинский  балалардың  дамуы  үшін  тікелей  табиғаттағы  бақылаулардың  орасан  мәні  бар, 



педагогтың  сөзінің  онымен  бәсекелесуі  қиын  деп  көрсетті.  Сондай-ақ,  ол  «табиғат  логикасы 

балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет