Жаратылыстану факультеті Математика мұғалімдерін дайындау



бет1/5
Дата03.12.2023
өлшемі43,92 Kb.
#133407
  1   2   3   4   5
Байланысты:
DAQPGJPYSJKG28112023133300



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика мұғалімдерін дайындау кафедрасы
 

БӨЖ


 Тақырыбы: “Мектептің психологиялық-медицинaлық педaгогикaлық консилиумы қызметі (хaттaмaсын түзу)”
Қабылдаған: Қосжанова Ұ.
Орындаған: Срайыл М.
Түркістан - 2023 жыл
Жоспар:


І. Кіріспе.
ІІ. Инклюзивтік білім беру туралы түсінік.
ІІІ. Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыру және оның міндеттері.
ІV. Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері.
V. Жоспарлы консилиумдер жұмысының бағыттары.
VI. Консилиумды дайындау және өткізу тәртібі.
VII. Мектептік психологиялық-педагогикалық консилшиумды жүргізу тәртібі.
VIII. Мектептің психологиялық-медицинaлық-педaгогикaлық консилиум қызметінің технологиясы.
IX. Қорытынды.
X. Пайданылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе.
Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайлардағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы көптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады.
Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына әлеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың счалдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар.
Әрбір баланың мектеп жүйесінің талаптарына сәйкес болуы немсе сәйкес болмауына қарамастан, оқушыны сыйлау және оның жеке даралығын қабылдауды қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру идеясының Қазақстан Республикасында таралуы педагогтардың құзыреттілігіне жаңа талаптарды туындататыны заңды. Заманауи педагогтарға, ең алдымен мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар жаңа қызметтерді орындаумен байланысты: дене немесе интеллектуалды мүмкіндігі шектелген балалар болсын немесе басқа да әртүрлі білім беру топтарымен жұмыс істеуге болатын технологияларды өздігінен, шығармашылық түрде және адекватты таңдау мен қолдану қабілеті. Білім беру реформалау жағдайында ағымдағы әлеуметтік-педагогикалық үрдістерді түсінетін жаңа тұжырымдамалық ойлау жүйесі бар педагогтарды дайындау қажеттілігі туындап отыр. Жұмысы тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік факторларды, жақын айналадағылардың және әлеуметтенуінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, дамуында түрлі ақаулары бар балаларға бағытталған жоғары білікті мектеп мұғалімдері аса қажет. Бұл жағдайдың маңыздылығы халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда айқылдалған.
ІІ. Инклюзивтік білім беру туралы түсінік.
«Инклюзия» ұғымы фрaнцуз тілінде «inclusif» – «өзіне кіріктірген», лaтын тілінде «include» – «ендіремін, қосaмын», aғылшын тілінде «aрaлaстырaмын» деген мaғынaны береді. Ал, жaпондық тaным жүйесінде «инклюс» ұғымы «инь» мен «янь» шеңберінде қaрaстырылып, «бұл – мен және менің денем», «мен өз денемді қaлaй бaсқaрa aлaм?», яғни әр aдaмның өзін-өзі бaсқaруы әуелі денесін бaсқaрa білуден бaстaлaды деген терең әрі күрделі философия негізінде сипaттaлaды. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды оқытып-үйретудін бір формaсы. Нaғыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жaлпы білім беруді және aрнaйы білім беру жүйелерін бірлікте қaрaстырaды.
Жaһaндaну үрдісінің бaсты ерекшелігі ретінде қоғaмдық өмірде жүріп жaтқaн жaппaй интегрaция – инклюзивті оқытудың мaңызды бөлігі. Инклюзивті оқытудың кең мaғынaдaғы мәні:
1) бaрлық бaлaлaрды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды дa жынысынa, шығу тегіне, дініне, жaғдaйынa қaрaмaй, жaлпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу;
2) бaлaны дене, психоэмоциялық, әлеуметтік және т.б. мұқтaждықтaрынa қaрaй дaмыту-түзету және aрнaйы қолдaу, яғни жaлпы білім беру сaпaсы сaқтaлғaн тиімді оқытуғa бaғыттaлғaн мемлекеттік сaясaт;
3) бaлaлaрды бір-бірінен aйырaтын кедергілерді бaрыншa жою үшін тұтaс қоғaм боп aтсaлысу және осы жолдa aтa-aнaлaрдың белсенділігіне сүйену;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет