Жаратылыстану факультеті


Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері. Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы



бет7/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері. Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И.М. Сеченовтың “Ми рефлекстері” (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндіреді. И.М. Сеченовтың бұл еңбегі заманында материалистік көзқарастың қалыптасуына нақтылы дәлел болып, психикалық әрекеттер туралы алғашқы ғылыми пікірлерді тудырды. Ғалымның одан кейінгі шыққан еңбектері де (“Психикалық этюдтер”, ‘‘Психологияны кім қалай дамытады?”) жоғары жүйке әрекетін осы тұрғыдан түсіндіруге бағытталған. И.М. Сеченовтың бұл ілімін И.П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының зандылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шыңдалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шыңдалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет