Жаратылыстану факультеті


Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)



бет33/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қордағы ауа. Eгep дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей
болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығын құрады.
Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерістер ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді, бастары ауырып, “жүректері айныйды”, бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шыныққан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық - “эйфория”, яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол парықсыздық, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап, өндетеді, бірақ өз қылығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар
таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан
ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады.
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. Мұндай жағдайда деммен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадағы таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді.
Ұрық анасының жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет
атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы тоқталады, сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың
дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі
мүмкін.
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес. Tya
болған асфиксия тыныс жолдарының бекітіліп қалуына немесе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне байланысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.
Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі “тіршілік газының” мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйылтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті әсер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзылуы, бұлшық еттердің қызметінің дұрыс бағытталмауы, ұмытшақтық пайда
болады. Сонымен қатар, ауаның құрамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон) да қысым күшейгенде есірткідей әсер етеді.
Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсутегі мен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі тиіс. Бұған белсенді химиялық
органикалық заттар - ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.
Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысынан қанға өтуі газдардың парциалдык, қысымына байланысты. Парциалды қысым - газдардың қосындысындағы белгілі бір газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, яғни ол газдардың
жиынтығындағы әрбір жеке газдың пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындағы оттегінің парциалды қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады, ал көмірқышқыл газы - біраз кемдеу. Осыған байланысты оттегі альвеолярлық қуыстан қанға, ал көмір қышқыл газы қаннан альвеолярлық қуыстарға диффузды жолмен ауысады. Мұның нәтижесінде оттегінің мөлшері 16 %-ға дейін кемиді де, көмір қышқыл газы 4 %-ға дейін көбейеді. Ал ұлпалардағы оттегі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады.
16-18 жастағы жігіттер оттегінің аздығына сезімтал болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет