Жаратылыстану факультеті


Сабаққа өзіндік талдау жасау



бет4/6
Дата23.03.2023
өлшемі1,87 Mb.
#75808
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Сабаққа өзіндік талдау жасау
Мектеп: «№27 орта мектеб-лицейі» КММ
Мұғалім: Дүйсалина Аружан Нұрдәулетқызы
Сынып: 9 «Ә»
Күні: 01.03.2023
Оқушы саны: 20
Пән: Биология
Тақырыбы: «Адам генетикасы және оның зерттеу әдістері»
Бұл сыныпта практика барысында 6 апта сабақ бердім.Оқушылардың оқуға деген талпыныстары жақсы. Жауапкершіліктері мол.Сыныпта 20 оқушы. Оқушылардың білім сапасы жақсы.
Сабақтың тақырыбы: «Адам генетикасы және оның зерттеу әдістері»
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Адам генетикасын зерттеуде қолданылатын әдістерді біледі
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Балалар бір – бірін оқыта отырып, орындалған тапсырмаларды тексереді. Әдістерді салыстыра алады.
Негізгі идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы презентация , моделдеу әдісі арқылы оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.

Сабақта жаңа тақырып бойынша алдын ала тапсырма беріп, оны сабақта қолдану тәсілін , ойлану, ойлау,ой салу ,АКТ технологиясын, және моделдеу,түртіп алу, презентация қорғау, оқушылардың бірін-бірі бағалау, оқытудың немесе компьютерлік технологияны қолдана отырып, көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым.


Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы презентация , моделдеу әдісі арқылы оқыту жүзеге асады. Мақсаты: Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді
Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, мотивациялау мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым.Қызығушылығын ояту, сабақ тақырыбын ашу мақсатында есеп сөзжұмбағы берілді. Оқушыларды сабақтағы жетістік критерийлерімен таныстырдым.

Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары.
Cабақ барысында оқушыларды жаңа білімді өз беттерімен алып, бірін –бірі оқытуға бағыттадым ,іздену, зерттеу, салыстыру, түйінді ой шығарып, пікір білдіргенге үйреттім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет