Қоңыздар эфирмен арнаулы ыдыста эфир, т.б. заттектермен өлтіріліп, мақта қабаттарында сақталынады. Мақта қабатының бетіне этикетка жазылады.
Дернәсілдер: сымқұрттар, жалған сымқұрттар, жұлдызқұрттар мен нағызжұлдызқұрттар 2-3 % - дық формалинде немесе 70% - дық спиртте сақталады. Етті дернәсіл, т.б. алғашында 2-3 минуттай ыстық сумен өңделіп, содан кейін 70%-дық спиртке ауыстырылады. Зертханалық жағдайында қоңыздар мен дернәсілдер, қуыршақтар ажыратылып, түрлері бойынша саны анықталады. Көлем бірлігіне келетін саны анықталып, тиісті формаға жазылады.