Тақырып 9 Кафедра: Еңбек гигиенасы М. ғ. к., доцент Ниязбекова Л. С. Еңбек гигенасы кафедрасы КазНМУ Биологиялық табиғатты өндірістік факторлар. Биологиялық заттектермен, микроорганизмдер мен және олардың токсиканттарымен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Аллергендер және аллергиялық кәсіптік аурулар. Өндірістік канцерогендер. Жеке қорғаныс құралдардың кәсіптік ауруларды алдын алуда рөлі Жоспар
Қалыптастырылған түсінік бойынша биологиялық фактор дегеніміз - адамға және қоршаған ортаға әсері табиғи немесе жасанды жағдайларда көбею қабілеттілігімен немесе биологиялық белсенді заттарды өндіруімен байланысты болатын биологиялық нысандардың жиынтығы.
Биологиялық фактордың адамға тікелей және жанама әсерін тигізетін негізгі компонентіне микро- және макроорганизмдер, микроорганизмдердің тіршілік етуіндегі зат алмасу және микробиологиялық синтез өнімдері жатады.
«Биотехнология» термині шығу тегі әртүрлі тірі жасушалардан адамға қажетті әр түрлі өнімдерді алу технологиясын анықтайды.
Еңбек жағдайына және микробты препараттарды өндірумен айналысатын жұмысшылардың денсаулық жағдайына гигиеналық бақылау жасау кезінде келесі сәттерге аса назар аудару керек:
а) технологиялық үрдіс және шаңның әсер ету ұзақтығы (қысқа уақыттық, ұзақ, үзілісті, үздіксіз);
е) технологиялық үрдісті және жыл мерзімін ескергендегі жұмыс орындарындағы шаңның, соның ішінде микробты денелердің мөлшері (минимальды және орташа мәліметтер).