«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасы


Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары



бет4/5
Дата18.11.2023
өлшемі65,95 Kb.
#124515
1   2   3   4   5
Байланысты:
оқыту әдістері

Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары. Оқытудың белсенді әдісінде оқушының іс-әрекеті шығармашылық ізденіс түрінде өтеді. Бұл әдіс бұрынғы кеңес дәуірінде 1970 жылдан бастап кең қолданыла бастады. Белсенді әдістердін барлығы да дискуссия түрінде өтуге негізделген (айтыс, пікірталас). Топтасып белсенді пікір алмасу арқылы оқытудың бірнеше түрлері бар. Нақты берілген ситуацияға талдау жасау. Бұл әдістің ерекшелігі: мәселе әлі анық айтылмаған, ақпарат аз, белгісіз шешудің бірнеше нұсқалары бар. Нақты ситуацияны (ахуал, жағдай) тал дауды тест, видео-кино, фрагменттер, ойындар түрінде өткізуге болады.
Миға шабуыл. Бұл — шығармашылық белсенділікті тиімді шешуге арналған әдіс. Қатысушылар шешу жолының бірнеше нұсқаларын ұсынып, барлық идеялар жинақталғаннан кейін жалпы фактілердің ішінен ең тиімді дегенін практика жүзінде іске асырылатынын тандап алуы керек. Миға шабуыл арқылы мәселені шешуде екі топ катысады: а) мәселені шешудің жаңа вариантын ұсынушы топ; ә) комиссия мүшелері: ұсынылған нұсқаларды өңдеушілер.
3. Ойын техникасы, ойын арқылы проблеманы шешу әдістері. Олар: а) рөлдік ойын - адамдардын қарым-қатынасы арқылы; э) тренажер ойын технологиялық комплексті пайдалану арқылы жасалады.
4. Іскерлік ойын берілген есепті немесе мәселені модельдеуді үлгі түрінде имитация аркылы шешу әдісі. Іскерлік ойынның: оқу үдерісі; ғылыми зерттеу; басқарушылық; аттестациялық сияқты бірнеше түрлері болады. құралдары. Жаттығу және ақпарат беруге пайдаланылады. Оқу құралдары:
-оқушылардың білімін, біліктілігін, іскерлігін, дағдысын. шеберлігін қалыптастыруға арналған;
- практикалық іс-әрекетін дамытып, баскарушы;
- оқушының жан-жақты өсуіне, дамуына бағытталған. Оқу кұралдарының көп таралған түрі: оку жәнс көрнекі құралдары арқылы заттың, құбылыстың нақтылығын, айқындығын қалыптастыруға арналған. Бұл құрал-жабдықтар бейнелеу қабілеттілігіне қарай бөлінеді: табиғи объектілер шаруашылыққа пайдаланылатын заттар:
- бейнелеу объектілері (иллюстрация, картиналар, фотография, портреттер, диафильмдер, кинофильмдер, слайдтар).
- графиктер, сызба түрінде пайдаланатын құралдар (сызбанұсқа, модельдер), диаграммалар, кестелер. Оқу және көрнекі құралдарды пайдаланудың басты мақсаты оқу материалдарын талдап, детальдарына дейін түсінуге және жеке сұрақтарына көңіл қойып алған білімін қорытындылап, жүйелеуге бағытталған.
Тағы да бір маңызды жай, білім берудегі жоғарыда айтылған кезеңдерді білімді игеру, біліктілікті дамытуды әрбір оқушы бұлжытпай орындауы тиіс. Сонымен, «белсенді әдіс» деген не деген сұраққа тоқталайық. Педагогикалық әдебиеттерде бұған жауап айтылмаған. Сондықтан осыған жақын белсенділік, белсенді таным, белсендіру деген түсініктерге тоқталып өтейік. Оқушының танымдық белсенділігі дегеніміз - оның білім алуға деген ұмтылысы, қандай да бір болмасын қиын кедергілерден өтіп, өзінің күшін, қайратын ой сенбегі арқылы іске асыру. Бұл жерде оқушының сырткы белсенділігі (колын көтеру, жазып алу, кітапты максатсыз аудара беру) ғана емес, оның ішкі бейнесі, ойлау белсенділігі, шығармашылық ойлау қабілеттілігі маңызды. Психологтардың көзқарасы бойынша оқушының танымдық белсенділігі туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп дамитын, прогресте де, регресте де болуы мүмкін. Оқушының танымдық белсенділігіне мұғалім де әсер етеді, әсіресе оның қарым-қатынас стилі, сол оқушының көңіл күйі, үлгерімі (оң әсер беруші оқушының үлгерімі). Сондықтан да бір оқушының әртүрлі сабақ кезінде танымдық белсенділігі әрқилы өзгеріп отырады. Ол оқытушыларға байланысты, оның қолданған әдістері, қалай, неге үйретеді, сыныптың белсенділігін қалай өзгерте алады, т.б. Жаңашыл оқытушылар Ш.А. Амоношвили, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов дәлелдегендей, оқушы мен оқытушының арасындағы шынайы ынтымақтастық қана оқушының танымдық белсенділігін көтереді. Таным белсенділігі дегеніміз мұғалімнің мақсатқа лайықты жасаған іс-әрекеті. Материалды түсіндіру - мазмұндауында окушының білімін бақылау, тексеру арқылы оқушының білімін ынталандыру. «Ойын» сабақтары оның түрлері мен өткізу әдістері. Соңғы кездері биология пәнінен сабақ берудің әртүрлі әдіс-тәсілдері қолданылып жүр. Солардың ішіндегі өте бір тиімді тәсілдерінің бірі - ойын түрінде өткізілетін сабақтар. Осыған орай, көптеген пән мұғалімдері оқушының білімін, біліктілігін және тәрбиелігін дамытуда осы тәсілдерді жиі пайдалануда. Ойын түрінде сабақ өткізу - ермек емес, ойнап күлу емес. баланың сана сезіміне әсер етуші шынайы педагогикалық әдістердің бір тәсілі. К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша адамдардын ойын кезінде ғана барлық жан дүниесі қалыптасып отырады. Оның ақыл-ойы, жан жүрегі, оның бостандығы, еркі, т.б. Бүгінгі танда ойын түрінің бірнеше түрлері бар. Оның ішінде шығармашылық ойын және арнаулы ережелер берілген ойын сабақтары.
Ойын түрінде өткізудің арнаулы ережелері бойынша дайын мазмұны, алдын ала жасалынған жүргізу реті беріледі. Сондықтан оның жүргізу әдісіне және сипатына карай шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады: а) ереже бойынша өткізілетін ойын сабактар:
1. Іс-қимыл ойыны: драмалық ойындар, өндіріс (аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, ауылшаруашылығы, т.б.) жайлы, тұрмыстық (қоғамдық, отбасы, жанұя), спорттық ойындар: жай жарыстар, әртүрлі мәні бар ептілік, шеберлік, тапқырлық, жылдамдық, т.б.
2. Дидактикалық ойындар. а) пандик; ә) арнаулы үстел басында арналып баспа арқылы дайындалынған (лото, домино, әртүрлі суреттер, бейнелер. крассвордтар). Сөз жаттығу ойындары жұмбақ ойындар, викторина (не, кайда? қашан?);
3. Танымдық ойындар: іскерлік (симпозиум, пресс конференциялар), сюжеттік (спектакль, саяхат, т.б.), иммациялық, ситуациялық ойындар.
4. Компьютерлік ойындар. Оқу үдерісінде ойынды әрбір сабақтың ішінде пайдалануға болады. Мысалы, материалды сұрағанда үй тапсырмасы түрінде (мысалы, крассворд) немесе қорытынды сабақ өткізу кезінде. Ойын сабағын сабақ өткізудің басқа формаларымен ұштастырып жасағанда ғана тиімді болады. Ойын сабағын сабақтан тыс кездері өткізгенде онын пайдасы өте зор. Себебі арнаулы берілген уақыты жіктелмеген. Рөлдік ойындардың тағы да бір ерекшелігі биология, экологиялық тәлім-тәрбие беруге де манызды. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын ойлау қабілетінің дамуына, оның тәрбиелік жақтарын қалыптастыруға да әсер етеді. Мысалы, әртүрлі қызықты есептер, оны орындау барысындағы көптеген кедергілерді жеңу, табу жолдары. Дидактикалық ойындардың ішінде әртүрлі мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, этникалық дәстүрлерді пайдалануға болады. Викторина ойындары. Оны «сұрақ-жауап» түрінде жасайды, мысалы, не?, қашан,? қайда?, т.б [4].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет