Сыныптан тыс жұмыс
Физика пәнінің мұғалімі: Еренсіз А.Т
Түлембаев Н.С
Сыныбы: 7-сынып
12.03.2022ж
Тақырыбы: «Физика ғажайыптар әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Мақал мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға, қызықты логикалық сұрақтарға жауап бере білуге, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушының ой өрісін кеңіте отырып, тәртіпке, ұқыптылыққа, адамгаршілікке, өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!
Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сыныптан тыс шара сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болғанына қуанарымыз сөзсіз.
Мінеки, мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Командалар сайысын,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
тобы: Топ басшысы:__________
тобы: Топ басшысы:__________
Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды жекелеп таныстырады.
Сайыстың барысы:
І. Сырлы сауалдар.
ІІ. Ғажайып сандықша.
ІІІ. Мақал мәтелдер.
IV. «Cөз тапқанға» сайыскерлерге әріптер беріледі, сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап берулері қажет.
Ойла, ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген,
Сауалдарды білмесең
Өте алмайсың көпірден.
«Сырлы сауалдар» туры.
( Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
Түзу бойындағы бағытталған кесінді қалай аталады?(Вектор)
«Ғажайып сандықша»
1. Жол қандай шама ? – Скаляр
2. ХБЖ бойынша жылдамдық бірлігі - (м/с)
3. Материяның ажырамас қасиеті? - Қозғалыс
4. Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды? - Векторлық
5. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын кесінді қалай аталады? Орын ауыстыру
1. Физиканың бірінші ұстазы? (Аристотель)
2. Соғым етін тұздау қандай құбылысқа тән? (диффузия)
3. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама? (масса)
4. Еркін түсу үдеуі қаншаға тең? (9,8 Н/кг)
5. Дененің бастапқы және соңғы нүктені қосатын кесінді? (орын ауыстыру)
Мақал- мәтелдер.
Интерактивті тақтада көрсетілген мақалдардың мағынасын айту қажет. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді.
(Диффузия)
Аяқ сүрінсе, басқа салмақ түсер.
(Инерция)
Отқа салса, темірде балқиды.
(Заттың күйлері)
4, Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды.
(Ньютонның бірінші заңы)
Соңғы сайыс – Сөз тапқанға, сайыскерлерге әріптер беріледі, сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзден жауап беріңіздер.
_________________________________________
тобына қойылатын сұрақтар
(М,Ж,Е,О,Д,С,А,Т,Г,О)
1. Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?
2. Тонның жылуы несінен?
3. Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?
8. Қатты денеде диффузия неге жай жүреді?
9. Физика сабағы қызық па?
10. Бүгін сайыста кім жеңеді?
(Т,А,С,Ө,Қ,Т,Е,Ф.Х.А)
1. Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде аласа ма? Неліктен?
2. Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?
4. Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
7. Неге ыстық шайда қант тез ериді?
8. Диффузия деген не?
9. Физика сабағы ұнай ма?
10. Бүгінгі сайыс қалай болды?
Бүгін көріп, тамашалаған сыныптан тыс жұмысымыз, «Физика ғажайыптар әлеміне саяхат» атты сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!Қош сау болыңыздар! Келесі жарыстарда жолыққанша!
Достарыңызбен бөлісу: |