«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасы


Оқыту әдістерін жіктеу. Оқытудың белсенді әдістемелері



бет3/5
Дата16.11.2023
өлшемі70,35 Kb.
#124243
1   2   3   4   5
Оқыту әдістерін жіктеу. Оқытудың белсенді әдістемелері. Әдіс белгілі тәртіннен немесе рет-ретімен алдына қойған - мақсатқа жетудегі іс-әрекет тәсілі. Оқыту немесе үйрету әдісі оқытушы мен оқытушының бірігіп іс-әрекет тәсілдері арқылы білімін, біліктілігін, дағдысын меңгере отырып, дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Сондықтан оқыту әдісі білім беру барысында оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынаста болып, бір-бірі- мен түсінісу арқылы өте тиімді қолайлы жақтарын анықтап отырып, әдістерді пайдалана білу. Енді осылардың ішіндегі ен кең тараған оқыту әдістерінің жіктелуін қарастырайық. Сыртқы белгілеріне карай мынадай әдістерге бөлеміз: ауызша үйрету әдісі: әңгіме, кеңес, түсіндіру, ұғындыру; көрнекілік (сызбанұска, нобай, схема) кесте, сурет, арнайы кұралдар: практикалык (жаттығу, практикалық және зертханалық жұмыстар). Бірақ әдістерді осындай түрде жіктеуде оқушының белсенділігін, өз бетінше іс-әрекетін дұрыс есепке ала алмайды.
2. Окушының оқу-танымдылық іс-әрекетіне қарай:
- безендіру арқылы түсіндіру (иллюстративтік), (әңгіме, дәріс түсіндіру, кітаппен жұмыс).
- репродуктивті (алған білімін іс жүзінде пайдалану барысында қайталау арқылы түсіндіру).
- материалды проблемалық мазмұндау (мүғалім бір проблеманы оқушылардың алдына қойып, оны өзі шеше отырып, оқушылардың танымдық ойлау жолдарының тәсілдерін үйрету).
- эвристика немесе жартылай ізденушілік (оқушылар қойылған сүрақты немесе проблеманы өздері шешуге қатысады, бірақ оны толық шешуі қиынырақ болады, тек жартылай шешуге тырысады).
- ізденімпаздық зерттеу арқылы (шығармашылық тұрғыдан ізденіп білім игеру).
Дидактикалык қойылған мақсатқа байланысты жіктелу:
- жаңа білім алу әдісі, білім мен біліктілігін практика жүзінде игеруді қалыптастыру әдісі;
- білімін, біліктілігін, дағдысы мен іскерлігін тексеру жэне бағалау әдісі. Оқу-танымдық қызметін іске асыру мен ұйымдастыру әдістері барысында мынадай әдістерге бөлінеді:
а) перцептивті (информацияны беру). Сөз, көрнекілік, практика, логикалық операцияларды ұйымдастыру және іске асыру. Гностикалық (зерттеу, іздену, репродуктивті). Өзін-өзі басқару арқылы үйрену іс-әрекетін қолдану, оқулықпен өз бетінше жұмыс, құрал-жабдық, аспаптар;
ә) танымдық мотивтер мен ынталандыру әдістері (оқуға, білім алуға деген қызығушылығын дамыту);
б) оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін өзі бақылау әдісі (ауызша, жазбаша, техникалық құрал-жабдықтар, компьютер, іскерлігін, дағдылығын, шеберлігін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет