Қорытынды Биологияны оқыту барысында белсенді әдістемелердің түрлерін қолдану жолдары, білім беру үдерісін белгілі мақсатпен ұйымдастыру - оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынаста білімін, біліктілігін, дүниетанымын ғылыми тұрғыдан қалыптастыра отырып, білім берудің белсенді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге бағыттау. Педагогикалық психология саласында білімді меңгерудін негізгі заңы көрсетілген. Ол оқу материалын қабылдау мәнін, мағынасын ұғыну, еске сақтау нәтижесін тексеріп іске асыруды колдана білу. Осы формуладан ешқайсысын алып тастауға, үзіп тастауға болмайды, себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Қабылдай отырып, мағынасын ұғамыз, мағынасын түсіне отырып, еске сақтаймыз, қабылдау, ойлану және еске сақтауды кеңейтіп, тереңдетіп өз бетімізбен іске асыру арқылы практика жүзінде тексереміз. Сондықтан көп жағдайларда оқушылардың білім деңгейі сапасының төмен болуы - білім берудің объективті зандылығының бұзылуы. Тек қана мұғалім білім беру барысында дайын материалдарды оқушылар қабылдап қана қойып, ойлануға, еске сақтауға, білімін тексеруге уақыт жетпей қалады. Керісінше, мектептегі жаңашыл мұғалімдер, алдыңғы қатардағылар оқу үдерісін осы зандылықтарды сақтап бұзбай орындағанда ғана жақсы нәтижеге жетеді [3].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии в школе. 1985 г, с.48
2. Торманов Н.Т. Биологияны окыту әдісі. - Алматы. 2000 ж ,.218 б.
3.Торманов Н., Абылайханова Н.Т. Биологияны окытудын инновациялык әдістері. - Алматы: Қазақ университеті 2013. - 258 б.
4. Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістері,Оқу құралы, «Қазақ университеті» ,Алматы, 2016 ж. - 68 б.