Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебі


Оқытудың модільдік технологиясы



бет3/4
Дата09.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#48796
1   2   3   4
Байланысты:
Балнур

Оқытудың модільдік технологиясы – үздіксіз білімді қамтамасыз ететін икемді жүйе, ең бастысы оқытушыда, студентте оқыту нәтижесіне нақты бағытталған.
Оқыту материалдарына қатысты – модільдік тәсіл негізінде оқытуда ол аяқталған элементтерден тұратын құрылым ретінде қарастырылады. Оқыту материалдарының ауспалы бөлімдерінің бөлімшелері бір-біріне тәуелді емес және әрбір бөлімнің оқыту материалдарын тез арада өзгеріп, толықтыруға мүмкіндік береді, ол қызмет түрлерінің және әрекет тәсілдерінің түрлеріне тез үйренуге мүмкіндік береді. Дұрыс құрылған модільдік бағдарламаның құрылымы білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне оқыту мазмұнын студенттердің меңгеруін және бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Колледж студенттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Колледж студенттерінің құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық оқу – әдістемелік құралдар жарық көрген. Солардың ішінде модульдік құзыреттілік тәсілді енгізудегі инновациялық оқыту әдістері (модульдік оқыту, жобалық технология, кейс-стади, рольдік және іскерлік ойындар, контекстік оқыту, проблемалық әдіс, ситуациялық есептер, кері байланыс немесе рефлексия).
Біз өзіміздің курстық жұмысымызда құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында ұсынылып отырған әдістемелік жүйе модульдік құзыреттілік тәсілін басшылыққа алдық. Соған сәйкес модульдік құзіреттілік тәсілін жүзеге асыру мақсатында оқу материалын түсіндіруде әдістемелік амалдардың қолданылуын ұсындық.

Сабақ мазмұнын іріктеу кезінде пән/модуль бойынша оқу бағдарламасының талаптары ескеріледі, оның теориялық және практикалық бағыттылығына, материалдың логикалық реттілігіне ерекше назар аударылды. Сабақтың көлемі мен мазмұнын оқулықтың, оқу құралының параграфтары немесе бөлімдері бойынша емес, иеилекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, пәннің/модульдің оқу бағдарламасына сәйкес игерілуі тиіс ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, құбылыстар, практикалық әрекеттер және т.б. бойынша анықталуы тиіс. Оқу материалының көлемін жобалағанда, негізгі элементтерді көрсете отырып,білім алушылардың қажетті әмбебап оқу іс-әрекеттерін меңгеруін қамтамасыз ету қажет. Сабақта қолданылатын материалдың мазмұнын анықтау барысында, бүгінгі күннің талаптары ескерілуі тиіс: қазіргі заманның міндеттері, жұмыс берушілердің, еңбек нарығының, экономикалық талаптары. Бұл көп жағдайда сабақтың мақсатын, оның педагогикалық инновациялық құралдарын таңдауды анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет