Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебі



бет4/4
Дата09.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#48796
1   2   3   4

Сабақ мазмұнын іріктеу кезінде пән/модуль бойынша оқу бағдарламасының талаптары ескеріледі, оның теориялық және практикалық бағыттылығына, материалдың логикалық реттілігіне ерекше назар аударылды. Сабақтың көлемі мен мазмұнын оқулықтың, оқу құралының параграфтары немесе бөлімдері бойынша емес, иеилекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, пәннің/модульдің оқу бағдарламасына сәйкес игерілуі тиіс ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, құбылыстар, практикалық әрекеттер және т.б. бойынша анықталуы тиіс. Оқу материалының көлемін жобалағанда, негізгі элементтерді көрсете отырып,білім алушылардың қажетті әмбебап оқу іс-әрекеттерін меңгеруін қамтамасыз ету қажет. Сабақта қолданылатын материалдың мазмұнын анықтау барысында, бүгінгі күннің талаптары ескерілуі тиіс: қазіргі заманның міндеттері, жұмыс берушілердің, еңбек нарығының, экономикалық талаптары. Бұл көп жағдайда сабақтың мақсатын, оның педагогикалық инновациялық құралдарын таңдауды анықтайды.

Оқытушы мен студент сабақта педагогикалық қарым-қатынас жағдайында болады. Оқыту әдісі-қойылған мақсаттарға байланысты оқытушы мен студенттің әрекеттесу тәсілі. Оқытудың барлық процесі қандай да бір әдісті жүзеге асыру болып табылады( тіпті егер оқытушы оны жоспарламаса да).


Қорытынды
Кәзіргі таңдағы білім беру парадигмасының негізгі ұстанымдарының бірі құзыреттілікке бағытталған білім беру үдерісін инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру міндеттелуде. Осыған орай «Технологиялық және кәсіптік білім беру» ұйымдарында оқытудың кредиттік – модульдік технологиясына көшу жүзеге асырылуда. Соның ішінде модульдік – құзыреттілік тәсілді енгізу басты мақсаттардың біріне айналуда.
Қорта айтқанда «Колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдалану әдістемесі» тақырыбына сәйкес жүргізілген курстық жұмысымыздың қортындысы бойынша төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік:
1. Колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдалану теориялық тұрғыдан негізделді;
2. Кәсіптік оқыту үдерісінде пайдаланатын модулдік құзіреттілік тәсілі мазмұндық тұрғыдан сипатталды;
3. Колледж студенттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдаланудың әдістемелік жүйесі түзілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет