Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебі


Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#48796
1   2   3   4
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Зерттеу нысанасы: Модулдік құзіреттілік тәсілін пайдалану арқылы колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісі
Зерттеу пәні: Колледж студеттерін мамандыққа баулудың мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдалану жолдарын әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
  • Колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу;
  • Кәсіптік оқыту үдерісінде пайдаланатын модулдік құзіреттілік тәсілін мазмұндық тұрғыдан сипаттау;
  • Колледж студенттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдаланудың әдістемелік жүйесін түзу.

Колледж студеттерін мамандыққа баулу үдерісінде модулдік құзіреттілік тәсілін пайдаланудың теориялық негіздемесі
ХХ ғасырдың 70–90-жылдары отандық ғалымдардың Н. В. Кузьмина, А.К. Маркова, И.А. Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Compete — негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» жəне «табысқа жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мəнін ашады. Кəсіби құзыреттілік категориясын əрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет жəне оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек. Білу кəсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс жəне нақты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді.
Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы түріндегі əдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тəжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысында да өз бетінше жəне саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі.
Табысқа жету белгілі бір заңдылықтар, өнегелілік пен мəдениет аумағында өзінің алға қойған мақсаттарына жете білу іскерлігін білдіреді.
Білім беру мазмұнын жаңарту мен білім сапасын арттырудың маңызды тұжырымдамалық ережелерінің бірі ретінде кәсіптік мектепте кәсіби маман даярлаудың құзыреттілік тәсілі жарияланған. Бұл тәсілдің тұжырымдамасында «нәтижеден» қалыптасатын білім беру мазмұнын түсіндіру идеологиясы бар. Құзіреттілікке негізделген тәсіл – кәсіби маманды тиімді даярлауды қамтамасыз ететін теориялық білімдердің, дағдылардың, кәсіби маңызды және жеке қасиеттердің оңтайлы арақатынасы негізінде құзыреттер мен құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған әдіснамалық, құрылымдық құрамдастардың жиынтығы.
Кәсіптік оқыту үдерісінде пайдаланатын модулдік құзіреттілік тәсілінің мазмұндық сипаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет